Күріш кеспесі ең тез дайын болатын лапша түрі

Күріш лапшасы ең тез дайын болатын лапша түрі. Күріш лапшасына қайнаған су құйсаңыз, ол небәрі 2 минутта дайын болады.
Көкөніс қосылған күріш кеспесінің рецепті:
Ингредиенттер:
250 гр кеспе,
1 сәбіз,
1 тәтті бұрыш,
2 қызанақ,
1 шағын қабақ,
2-3 сарымсақ,
қуыру үшін аздап өсімдік майы,
тұз және дәмдеуіштер дәміне қарай.
Дайындау әдісі:
- Күріш кеспесін 15 минутқа жылы ыстық суға салыңыз. 
- Осы уақыт ішінде көкөністерді кішкене кесектерге кесіңіз, сарымсақты ұсақ турап, қыздырылған өсімдік майына тұз қосып, барлық көкөністерді қуырыңыз. 
- Кеспеден суын ағызып, қайта ыстық су құйып қайта кесіп, қуырылып жатқан көкөністерге салыңыз да бетіне дәмдеуіштер мен тұз себіңіз. Таңы 4-5 минут қуырыңыз. 
- Тағам өте дәмді және тойымды болады. 
Ас болсын!

 
  
  
 




