Бұқтырылған голубцы

Oinet.kz 09-01-2020 587

Бізге керегі:

Голубцы үшін:

- 8 тал орамжапырақ

- 800 гр фарш

- 1 стақан жартылай қайнаған күріш

- 1-2 шт сәбіз

- 1-2 шт пияз

- 1 жұмыртқа

- тұз, бұрыш, дәмдеуіштер

Заливкасы үшін:

- 100 гр қаймақ

- 100 гр томат соусы

- тұз, су, дәмдеуіштер

1. Орамжапырақ жапырақтарын абайлап алып, Ыстық суға салып, аз ғана қайнатып аламыз. Сосын қалың жерлерін кесіп тастаймыз.

2. Пиязды турап, сәбізді үккіштен өткізіп, аз ғана майға аздап қуырып аламыз.

3. Фаршты жұмыртқа, күріш, қуырылған көкөністер, дәмдеуіштермен әбден араластырамыз.

4. Әрбір жапыраққа 1 ас қасықпен фарш салып шығамыз. Тығыздап ораймыз.

5. Сосын екі бетің қуырамыз (қуыру міндетті емес, бірақ осылай өте дәмді болады)

6. Заливка дайындаймыз:

Қаймақ пен томат соусына дәмдеуіштер қосып араластырамыз, сосын үстіне 1,5-2 стақан су құямыз. Оны голубцыдың үстіне құйып, бетің жауып, 20 минут бұқтырамыз. (Егер суы азайып кетсе, тағы да су құйып тұруға болады).

Дайын тағамды тарелкеге салып, қаймақ немесе майонез және аскөкпен ұсынуға болады.

Асыңыз дәмді болсын!

Кубандық штрумбалар
Праж торты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу