Шоколадты бисквит

Oinet.kz 09-01-2020 536

Классический шоколадный бисквит с корицей рецепт с фото - 1000.menu

Қажетті заттар:

- 6 ірі жұмыртқа

- 150 гр қант ұнтағы (пудра)

- ванилин

- 120 гр ұн

- 50 гр какао

- 40 гр сары май

1. Барлық қоспалар бөлме температурасындай жылы болуы тиіс. Жұмыртқаларды қабығымен бірге (бүтін) жарты сағат бұрын жылы (ыстық емес) суға салып қоямыз. Какао мен ұнды араластырып, електен өткіземіз. Сары майды ерітіп, суытамыз.

2. Тортқа арналған форманы майлап, пергамент қағазын төсеп қоямыз.

3. Жұмыртқаға қант ұнтағын қосып, екі есе көбейіп, қою көпіргенге дейін миксер көмегімен шайқаймыз.

4. Шайқалған жұмыртқа қоспасына араласқан ұн мен какаоны аздап қосып отырып, қасықпен араластырып тұрамыз. Тоқтамай артынан сары май мен ванилинді қосып жібереміз. Араластырғанда өте аккуратно жəне жұмсақ араластырамыз, əйтпесе бисквит көтерілмей қалады.

5. Массаны формаға аккуратно құямыз.

6. 175 градуста қызып тұрған пешке салып, шамамен 35-40 минут пісіріп аламыз.

7. Дайын болғанын шимен тексеріп көруге болады. Егер ши құрғақ шықса, бисквит дайын болғаны, егер қамырланып дымқыл шықса, онда тағы да пісіру қажет. Бисквит пісіп болғанға дейін пештің есігін ашпау керек, əйтпесе бисквит отырып қалады.

8. Дайын болған бисквитті формадан алып, суытамыз.

Торт əзірлеуге бисквит дайын.

Асыңыз дəмді болсын!

Қысқа арналған кәдіден жасалған корей салаты
Бавария салаты рецепті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу