Салафиттер деген кімдер? Олардан сақтану жолдары

Oinet.kz 26-11-2019 2982

Анам: «Қызым, Алла адастырмасын, қала да сақ жүр!», - деп үнемі айтып отыратын. Бұл сөздің түп-төркінін өсе келе, көре-көре түсіндім.

Қоғамда діндар адамдар екіге бөлінеді екен: 

- Мұсылмандықты шынайы ұстанатындар;

- Анам айтпақшы адасушылар;

Бүгінгі әңгімемді, өзекті мәселеге айналған адасқандар немесе жат ағымдықтарға арнағым келді. Сонымен, «сәләф», «сәләфиттер», «уахабтар», «уахабистер»  дегеніміз кім?  Оларды сыртқы келбеттеріне қарап: «Сақалдылар», «Келте балақтылар», «Оранғандар»  деп аталатын кішігірім мемлекетке айналдырудамыз. Дін тарапынан сауатсыздықтың нәтижесі осы аталған топтың саны артуына ықпалын тигізеді. Тіпті, көпшілік намаз оқығандардың баршасына  күмәнмен қарайды.

Салафиттер.jpg

Салафиттер - мазхабты мойындамайтын, өздерін ізбасушы, жалғастырушы деп ұғынатын, жалпақ тілмен айтқанда дінге алауыздық туғызатын топты айтады. 

Ағымның белгілері:

1) Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын мойындамайды;  

2) Тек өздерін ғана «шынайы мұсылманбыз» деп, өзгелердің барлығын, «мүшрик», ең жұмсақ айтқанда «бидғатшы» және «адасқан» деп санайды;

3) Ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді теріс деп түсінеді;

4) Сүнниттік бағыттағы төрт мәзһабты мойындамау. 

Кез келген жат ағым идеологиясы – экстремизмнің алғы шарты, бастау көзі. Экстремизм ұшқын секілді, кішкентай болып басталады, бірте-бірте ұлғаяды. Жалынның да осындай кішкентай ұшқыннан басталатыны белгілі. Сондай-ақ, елдің ел, ұлттың ұлт болып қалыптасуының негізгі 5 факторы болады.

Олар: тілі, дәстүрлі діні, ділі (менталитеті), әдет-ғұрпы, ата-мекені, яғни отаны. Ал, бұл ағым жоғарыдағы бес фактордың бесеуіне де қарама-қайшы әрекет етеді.  

Сыртқы белгілері:

1. Балақтары қысқа болады. Олар «Балағы ұзындар - тозаққа кіреді»деп ойлайды.

2. Міндетті түрде, сақалдары болады. Сақал қоймағандарды - жек көреді. 

3. Намазда талтайып тұрады. Ханафи мәзһабы бойынша намазда аяқтың арасы төрт еліден жақын болмауы керек. Иық деңгейінен аспауы керек. Ал, сәләфиттер талтайып тұрады

4.  Бет сипамайды. Олар дұға жасаған кезде бет сипамайды. Қолын жайғанымен, дұға жасап, бетін сипамай, қоя салатындары да бар.

Және бата қайырмайды. Бата қайыруды күнә деп ұғады.

5. Парыз намаздан соң бірден тасбих тартады. Яғни, намаздың сүннетін оқымайды.  

6. «Сен кімнің жолымен жүресің, Алланың ба, әлде пайғамбардың ба?» осы сұрақ арқылы қателестіреді. 

7. Әйел адамдар, ер адамның көзіне түспейді. Мейлі, бауыры, туысы, досы болсын. 

Сөздеріндегі белгілері: 

Сәләфиттер сөздерінің арасында "бауыр" деген сөздің орнына "ахи" деген сөзді көп қолданады. Немесе "брат" деген сөзді қолданады. Көп сөздің арабша нұсқасын қолданғанды ұнатады. Мысалға, "ауызашар" дегенді "ифтар" деп көбірек айтады. "Джазакаллаху хайран", Ханафитпіз», «Алхамділла»  деген сынды сөздерді жиі қолданады. 

Айтпағым, діннің де діні бар, шынайысы бар. Ақ пен қараның аражігін анықтай білейік!

Oinet.kz

Құрбандық шалудың шарттары
Ерлі-зайыптылар оқуы қажет дұғалар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу