Жеті шелпек тарату дұрыс па?

Oinet.kz 06-12-2019 5602

«Жеті шелпек пісіру» үрдісінің біздің қазақ дәстүріне қайдан қалыптасқаны, қандай нанымнан туындағаны жайында айтылған нақты дерек кездестірмедік. Бірақ, біздің түсінігімізше, жеті шелпек тарату үрдісінің астарында – әруақтың атынан елге тамақ беріп, сауабын өліге бағыштау түсінігі жатыр.

шелпек.jpg

Осы тұрғыдан қарағанда оның шариғатқа терістігі жоқ. Себебі, жасалған жақсы амалдың сауабын өлген кісіге бағыштау – шариғатымызда да бар.

Енді оны неге жеті деген? Сандардың арасында «7» санын ерекше таңдалып алынуы да бекер емес (жеті шелпек). Өйткені, дінімізде жеті санымен байланыса айтылған үкімдер көп. Мысалы, иманның жеті шарты, жеті рет қағбаны тауаф ету, ит жалаған жерді жеті рет жуу. Шелпектің «жеті» санымен байланыстырылуының мәні де осында жатса керек.

Қалай болғанда да, жеті шелпекті тарату үрдісін дінге теріс деу немесе ширкке алып барар жол деу қиын. Неге десеңіз, жеті шелпек таратқан адам әруақтан медет тілеп емес, о дүниедегі өлген кісіге сауабы және пайдасы тисін деп таратады. Оның үстіне, қазіргі кезде шелпек қазақтың ұлттық тағамының бірі ретінде қалыптасқан. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Бауыржан Әбдуәлі,

ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы

Әйелдердің жұма күнгі амалдары
Шариғат жасанды ұрықтандыру мәселесіне не дейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу