Жайнамаз туралы не білесіз? Күмәнді жайнамаздар

Oinet.kz 09-12-2019 4004

Жайнамаз – мұсылмандықтың нышаны,тазалық пен пәктіктің мекені. Жайнамаз үстінде Ұлы жаратушыға тағзым ететін болғандықтан, оны құрметтеп жоғарыға қойған. Қасиетті төсеніш кейде жай ғана матадан тігілсе, кейде арнайы тоқылып, кілемше түрінде ұсынылады. Шариғатта кілемшелерге ою-өрнек салғанмен құс пен аңның суретіне тыйым салынған. Сонымен қатар, жайнамаздың басы мен аяғына өте мән берген. Бас жағында арнайы сәжде жері екенін білдіретін белгі болады. Бұл сәжде етер жерді аяқпен баспасын деген сақтық болса керек. Бұл да – тазалық пен имандылықтың белгісі. Жыл өткен сайын жайнамаз да түрленуде. Мысалы, дағыстандық өнертапқыштар «ақылды» жайнамаз ойлап шығарды. Ерекшелігі – Алла тағала алдында бес парызының бірін өтегісі келген жанға намаздың барлық әрекеттерін дұрыс орындауға және рәкат санынан шатаспауға үнтаспа көмек көрсетеді.

жайнамаз.jpg

– Егер адам қателік жіберсе, яғни намаз әрекеттерін орындауда асығыстық жасап немесе кейіндеу қалып жатса, сенсорлы жайнамаз вибрациялық толқын арқылы белгі береді. Сондай-ақ бұл вибрациялық толқындар намаз оқушының ойын бөлмейді, – дейді аталмыш туындының авторлары.

Дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы Бақтияр Оспановтың айтуынша, қасиетті кілемшені таңдауға бейжай қарамаған абзал.

– Намаз оқығанда көз төменде, яғни жайнамаздағы сәжде нүктесінен көз алмай оқу – ең басты әдеп. Сондықтан ой бұзылмас үшін мейлінше жайнамазда сурет болмауы тиіс. Бүгінгі таңда сатылымдағы жайнамаздың көбі Қытайдан келеді. Олардың ішінде әсемдеу мақсатында  ою өрнек салынғаны бар. Мұқият қарасаңыз, ерекше дизайнның астарында көз бен жан жануардың суреті бейнеленген. Дизайндық жағынан мықты болуы мүмкін, дегенмен сананы сан саққа жүгіртеді. Негізінде Түркиядан келетін жайнамаздар қолайлы әрі сапалы. Бұл әлгі Қытайдың тауарынан қымбат әрі түрі әдемі болмауы мүмкін. Бірақ сәждедегі адамның ойы шашырамайды.

Жайнамаз – мұсылмандықтың рәмізі. Жайнамаз – тазалықтың белгісі. Пайғамбарымыз с.ғ.с «тазалық – иманның жартысы», - дейді. Олай болса жайнамазға бейжай қарамайық.

- Егер, жайнамазға адамның мүсініне немесе жан-жануар суреттеріне ұқсас бейнелер болса, оны қолданбаған абзал.

- Негізінен, ібілістің бейнесі, Сатананың ілімі деген пікірге нақты дәлел жоқ. Жайнамаз сәтсіз шығуы да әбден мүмкін.

Десек-те, абай болыңыз. Сақтансаң Алла да сақтайды!

Кемшілігіңізбен күресудің төрт жолы
Дінде пластикалық ота жасатудың үкімі қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу