Ораза ұстауда адамдар жиі жіберетін 5 қателік

Oinet.kz 02-05-2019 948

Уақыт зырғып өтіп, мұсылман қауымы сағына күтетін Рамазан айына да санаулы күндер қалды. Отыз күн бойы тағамнан тыйылып, Раббысының разылығына асығатын жандардың назарына, ораза ұстаудағы денсаулыққа қатысты ескеретін маңызды мәсеселерді ұсынамыз.Себебі, ораза кезінде жасаған қателіктеріміз денсаулығымызға кері әсер етуі мүмкін.

Screenshot_23.jpg

Сәресіне тұрмау

Сәресіне тұрмасаңыз, келесі күні ауызашарға ашығып жетесіз. Бұл тамақ жеу жүйеңіздің бұзылуына алып келеді. Сондай-ақ сәресі уақытында тамақтанбау диетологтардың айтуынша, бір мезгіл тамақтану әлсіздік, остеопороз, шаштың түсуі, анемияға жол беретін көрінеді.

Майлы тамақ жеу

Майлы тамақ асқазанда қорытылу уақыты ұзық әрі сіңуі баяу. Сондықтан да сәресі мен ауызашар уақытында майға қуырылған, соусты, майлы тағамдарды тұтынбаған абзал. Әсіресе, ауызашар уақыты кеш болғандықтан, ал сәресін ішіп бірден ұйықтап қалатын жағдай жиі кездесетіндіктен, ағзада зат алмасу процесі баяулайды да майлы тамақтар салмақ қосуыңызға себеп болады.

Жеміс-жидекті аз тұтыну

Диетологтардың пікірінше, жүрек, бұлшықет, буын ауруларынан және қатерлі ісіктен қорғайтын ең маңызды азықтарды өамтитын жеміс-жидектерді аз пайдалану денсаулық проблемаларына әкеп соғады. Тағы ескере кететін жайт жүзім, құрма секілді құрамында қанты бар жеміс-жидектерді 2-3 порциясын жеуге болады. Оларды артық тұтыну белдің айналасына майдың жиналуына әкеп соғады.

Жеткілікті мөлшерде су ішпеу

Рамазан айында жеткілікті мөлшерде су ішпеу ас қорту проблемаларын туғызады. Сондай-ақ, бұлшықет спазмы, бас ауруы, әлсіздік болуы мүмкін. Ал егер су ішуді ұнатпасаңыз ағзаңызды щөлдетпес үшін компот, өсімдік немесе жидек шайлары, минеларды су ішсеңіз болады.

Тамақ жеген соң, бірден ұйықтау

Күні бойы ашыққан асқазанды апыл-ғұпыл тамаққа толтырып бірден жастыққа жантая кетуге болмайды. Бірден ұйқыға жату артық салмаққа себепші болса, тағы бір жағынан қан қысымы мен жүрекке саулығына кедергі болмақ. Ас ішкен соң, кемінде 30-40 тұрып, жаяу жүріп, ас қорытқаныңыз дұрыс болады.

Дана Ерланқызы

Ораза айт - шүкіршілік мейрамы
Сирияға жиһадқа аттанған қазақтарға мүфтияттың түк қатысы жоқ па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу