Жұма неліктен қасиетті күн?

Oinet.kz 14-02-2020 1748

"Күн шыққан күндердің ең жақсысы - жұма болып табылады..."

Сұрақ: Неліктен жұма қасиетті күн болып саналады?

Жауап: Жұма күнінің қасиеті туралы келесі хадисте келтірілген:

image.png

« Күн шыққан күндердің ең жақсысы - жұма болып табылады, өйткені осы күні Адам жаратылған, осы күні ол Жұмаққа кіргізіліп әрі осы күні  Жұмақтан шығарылған» (Мүслім, 854; Насаи, 3/89).

Бірінші адам жұма күні жаратылып, осы күні Жұмаққа кіргізіліп әрі осы күні Жер бетінде халиф болу құрметіне ие болғандықтан, жұма адамдар үшін ең үлкен мереке болып табылады. 

Хадистерге жүгінсек, ертеректе жұма яһудилер мен христиандар үшін жиналып құлшылық ететін күн болған.  Алайда   келіспеушілік орын алып, соның салдарынан, жиналып құлшылық ететін күн етіп яһудилер сенбіні, ал христиандар жексенбі күнін таңдаған екен.  Ал жұма күні мұсылмандардың еншісінде қалған (Мүслім, Жұма, 19-23).

Осылайша, Исламда жамағат болып құлшылық жасайтын күн ретінде жұма таңдалған  екен және көптеген риуаяттарда келтірілгендей, бұл күн мейрам болып табылады (Байхаки, Сунан, 3/243; Ибн Каййим, Задуль-Меад, 1/369).

Риуаяттардың бірінде мәлімденгендей, жұма күнінде барлық дұға қабыл болатын бір сәт бар.  Ал басқа риуаятта келтірілгендей, кімде-кім жұма күні ғұсыл алып, ерте мешітке барса, хутба тыңдап, сосын намаз оқыса, өткен жұмадан бері жасалған барлық күнәлары кешіріледі екен (Бұхари, Жұма, 6).

Қажылық кезінде Арафат тауында тұратын күн, жұма күніне дәл келсе, онда мұндай қажылық  «ұлы қажылық»  (хаджул-акбар) деп аталады.

«Әулие валентин» күнін тойлауға бола ма?
Тұрмысқа шығу үшін оқылатын дұға
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу