Оразада үш адамды Алла кешірмейді (видео)

Oinet.kz 28-04-2020 4221

Барлық адамға Алла Тағаладан кешірім келеді. Тек қана үш адамды Алла кешірмейді. Осы Оразада мына қателіктерді жіберген  үш адамды кешірмейді. Бұл туралы ұстаз Арман Қуанышбаев кезекті уағыздарының бірінде айтты. 

image.png

- Біреуі, араққа беріліп, содан шыға алмай  жатқан адам.  Екіншісі, ата-анасына ақ болған адам. Ата-анасына ақ болған адам кім екенін білесіз бе? Ол ата-анасына "ей" деп дөрекі сөйлеген адам. Сіздің көтерген қолыңыздың дұғасы қабыл болмайды. Оқыған намазыңыз да қабыл болмайды. Ата-анасына ақ болу дегеніміз, олардың көңілін қалдыру деген сөз. Көптеген қыздар, ұлдар бар ата-анасына сенсіреп, жекіріп сөйлейді. Тіпті, ата-анасына қол көтеретіндер де бар. Ол ата-анасына ақ болу. Олар жәннаттың иісін де иіскемейді. Олар Ораза ұстағанымен Алла Тағала кешірмейді де, қабыл етпейді де.  Үшіншісі, жақынымен ұрысып қалып, жараспай отырған адамды Алла Тағала кешірмейді, - дейді ұстаз Арман Қуанышбаев. 

Бауыржан Исаев: «Хадисте «музыкаға қатысты харам» деп айтылған»
Бүгінгі күні кәдімгі жәһилият дәуіріне қайтадан оралғандаймыз...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу