Бауыржан Исаев: «Хадисте «музыкаға қатысты харам» деп айтылған»

Oinet.kz 27-04-2020 4387

Бұл күнде әр нәрсеге күдікпен қарайтын болдық қой. Ғылым мен өркениет өскен сайын ғаламда ақпараттардың да санында шек болмай барады. Шексіз ақпараттардың әсері ме екен, көз көріп, құлақ естіп үйренген іс-әрекеттерді дұрыс емес, пәленше кезінде былай депті деген  білгіштер қаптап кетті. Тіпті, салт-дәстүрімізді ислам дініне қайшы келтірген теріс пікірлер де жиі айтылып жүр. Екінің бірі қонақ бола алатын өрмекшінің торындай болған әлеуметтік желілерде соңғы кездері «музыка тыңдауға, ән салуға болмайды екен, дінімізде бұған тыйым салынған» деген секілді пікірлердің құлағы қылтия бастады.

«...Әннің де естісі бар, есері бар,  тыңдаушының құлағын кесері бар» деп кемеңгер Абай айтпақшы, әннің де, әуеннің де жағымды-жағымсызы болмай ма? Егер музыка адамның жақсы сезімдерін жетілдіріп, рухын сергітіп, шаршаған жүйкелерін тынықтырып, көңілін тыншытатын болса, ондай музыканы харам деуге бола ма? Ата-бабаларымыздан қалған, қазіргі айтылып жүрген ән-жырларды тыңдау, шырқау шынымен де харам болып саналады ма, әлде бұл адасушылықтан, қателіктен туған пікір ме? Бұл мәселеге өзгелер нендей ой қосар екен?
Бауржан Исаев: Певец должен выступать, даже если в зале один ...

- Өзімізде өнер жолында жүрген соң осы сұраққа менде үңіліп көргенмін. Қазақ халқының тарихында ән-жырлар ерте кезден-ақ дамыған. Күміс көмей әншілеріміз, домбыраның құлағында ойнаған атақты күйшілеріміз болған.  Біз де осы  ата-бабамыздың жолымен келе жатқан ұрпақпыз.   Бірақ негізі хадисте  музыкаға қатысты харам деген секілді пікірлер айтылған. Зерттеуші ғалымдардың бір бөлігі бұл пікірге  келіссе, енді бірі келіспейді. Алайда менің білуімше хадисте «музыка харам»  деп  нақты айтылған. 

Оразада орындайтын 10 амал
Оразада үш адамды Алла кешірмейді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу