Тұрсынбек Қабатов әйелінің сұхбатынан соң алғаш рет мәлімдеме жасады

Oinet.kz 03-11-2025 55

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанованың айтқандарына жауап беріп, балаларын ешқашан ұмытпағанын айтты.

Screenshot_1.jpg

Бұған дейін Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсеміздің YouTube-арнасына берген сұхбатында Қабатовтың осыдан 14 жыл бұрын өзге әйелмен әуейі болып, жылдар бойы көзіне шөп салып, отбасынан алыстап кеткенін айтқан еді.

Сұхбат жарияланғаннан кейін әлеуметтік желі қолданушылары екіге бөлінді: бір тобы Қабатовқа қатысты cancel culture орнату керек десе, енді бірі «Әзіл әлемі» мен «Базар жоқ» концерттеріне барудан бас тарту жөнінде пікір білдіріп жатыр.

Сондай-ақ, сұхбат барысында Мұқанова Қабатовтың балаларымен араласпайтынын және олардың нөмірін бұғаттап тастағанын айтқан болатын.

Бүгін Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында бұл айыптауларға жауап беріп, мұндай әрекетке бармағанын мәлімдеді.

«Ардақты ағайын, мен балаларымды ешқашан блокқа қойған емеспін және мен балаларыммен біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім, әлі де еңбек етемін. Алла денсаулық берсін!», – деп қысқа қайырды әзілкеш. 

Ұлтараздық алауыздық тудырған қарағандылық келіншек сотта соңғы сөзін айтты
Бишімбаевтың анасы 1 млн доллар үшін туысымен соттасып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу