Ұлтараздық алауыздық тудырған қарағандылық келіншек сотта соңғы сөзін айтты

Oinet.kz 03-11-2025 63

Қарағандыда ұлтаралық алауыздықты қоздырды деп айыпталған блогер Алика Мұхамадиеваға қатысты сот ісі аяқталуға жақын, деп хабарлайды «Oinet.kz» тілшісі.

Screenshot_4.jpg

Іс қысқартылған тәртіпте қаралып жатыр, ал үкім бүгін кешке жарияланады.

Сот шешімі шықпай тұрып Мұхамадиева көзіне жас алып, көпшіліктен кешірім сұрады.

«Қатты ұяламын, кінәмді мойындаймын. Менің кішкентай қызымның бар екенін ескерулеріңізді сұраймын. Адам қолында бардың қадірін оны жоғалтқанда ғана түсінеді», — деді ол.

Айта кетейік, Мұхамадиева әлеуметтік желіде қазақтар мен мұсылмандарға қатысты теріс пікірлер жазып, көптің ашуын туғызған еді. Кейін ол жазбаларды жариялаған кезде эмоционалды күйзелісте болғанын жеткізді.

Ұлтараздық тудырған Екатерина Биволға іздеу жарияланғаны туралы ресми ақпарат шықты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу