Қабыл болмайтын амал

Oinet.kz 13-05-2020 1050

Сахабаларымен отырған бір күні Мұхаммед пайғамбарымыз ﷺ қиямет жайлы сөз қозғады. Толассыз айтылған әңгіменің бір ұшығы адамның бұл дүниеде жасаған амалдарына барып тірелді.

Қазақстанның сырға толы өлкелері - Қазақстан жаңалықтары | STAN.KZ

«Қиямет күні біршама адам Тахаманың үлкендігіндей сауап арқалап келеді. Бірақ олардың амалдарын Алла Тағала жоққа санайды».

Бұны естігенде бойын үрей билеген Сәлім Хұзафа: – Уа, Алланың құрметті елшісі, әке-шешем жолыңа құрбан болсын. Олардың қандай адамдар екенін айтпас па екенсіз? Аңдаусызда солардан бірі мен болып қалмайын деп қатты қорқып тұрмын, – деді.

Сонда пайғамбарымыз ﷺ оған: – Әй, Сәлім, олар ел қатарлы ораза ұстайды, намаз да оқиды. Алайда харамға тап келгенде, Жаратушыдан қорықпайды. Міне, Алла Тағала осындайлардың амалын қабылдамайды, – деді. 

Ешкімге көрсетпей жеп ал
Ислам әдебімен мал соя білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу