Кедейдің байлығы

Oinet.kz 30-08-2020 761

Кедейдің байлығы - Ummet.kz- Үмметпен бірге!

Бір адам өзінің кедейлігіне налып, өзінің жоқшылықтан әбден жүдеп-жадағанын айтып, қамығыпты. Сонда бір парасат иесі оған:"Сенің көзіңнің көр болмай, сау болғаны жақсы ма, жүз мың теңгеңнің болғаны жақсы ма?-депті. Ол:"Әрине, көзімнің сау болғаны жақсы, көздің көр болып, қолда ақша болғаннан не пайда?!"-депті. Әлгі кісі:"Сенің екі қол, екі аяғың кесілген болып, екі жүз мың теңгеңнің болғаны жақсы ма?"-депті. Ол:"Жоқ",-депті. Әлгі кісі:"Сен жынды болып, көп ақшаңның болғаны жақсы ма?"-дейді. Ол:"Жоқ",-дейді. Сонда әлгі парасатты кісі:"Жаратқан Иең ақшадан артық денсаулық берген екен, соған шүкір демейсің бе?"-деген екен.

Әлемді мойындатқан ғалым
«Ихсан» деген не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу