"Жан өзімдікі" деп өзіңді өлтіру дұрыс па?

Oinet.kz 27-06-2022 1888

Сұрақ: «Жан өзімдікі, сондықтан онымен не қылсам да өзім білемін» деген ұстаным дұрыс па?

Screenshot_1.jpg

Жауап: Адамның жаны – азиз. Құранда адамның өміріне қол сұғылмайтындығы айтылып, бір адамның өмірін қасақана қию барлық адамдарды өлтірумен бірдей екендігі туралы хабар берілген.

Өмір сүру иммунитетіне қарсы күресу – адамға қарсы жасалуы мүмкін ең үлкен қылмыстардың бірі. Себебі, дін исламның негізгі мақсаты  – өмірді қорғау. Дініміз бұған кепілдік беру үшін көптеген моральдық-құқықтық ережелерді алып келді.

Денеге сеніп тапсырылған жанды қабылдау билігі тек Алаға ғана тиесілі. Демек, адамның өз өмірін аяқтауға билігі де, құқығы да жоқ. Басқаша айтқанда, жан – адамға уақытша берілген аманат. Ал аманатқа қиянат жасалмайды.

Термезидің хадистер жинағында пайғамбардың (с.ғ.с.) мына хадисі кездеседі: «Алла Тағала үшін бір мүміннің өлтірілуі – дүниенің жоқ болып кетуінен де үлкен зұлымдық». Бұл хадис адам баласының бір-бірін өлтірмей өмірлерін қорғауы – қаншалықты маңызды екенін көруімізге болады. Сол үшін де адамның жаны құнды дүние болғандықтан қан дауы немесе өзіне қол жұмсау болса да адам жанын қию – дінде тыйым салынған. Адамның өмір машақаттарынан немесе сынақтарынан құтылуы үшін өзіне қол салуы да үлкен күнәлардың қатарына жатады.

mazhab.kz

Перзентханада ауысып кеткен баласын оңай тауып алған ана
Аузы сасық құл сатып алған патша
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу