Намазда әттахиятты оқыған кезде сұқ саусақты көтеру парыз ба?

Oinet.kz 03-04-2019 2272

heULFBEXOpzeC1oZ-lg.jpg

Намазда әттахиятты оқыған кезде сұқ саусақты көтеру парыз ба? 

Сұраққа Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығының» мамандары жауап береді.

Жауап: Намазда әттахият дұғасының «иллаллаһ» яғни, «Тек қана Алла бар» деген жерінде сұқ саусақты көтеріп, Алланың бір, дара екендігін ишарат ету барлық мәзһабтарда мұстахаб амал. Яғни істесең сауап, істемесең күнә емес. Ханафи мәзһабындағы айырмашылық мынау: сұқ саусақ «Лә иләһа» деген кезде көтеріліп, «иллаллаһ» деген кезде түсіріледі. Сұқ саусақты көтеріп, ишарат ету «Алладан басқа тәңір жоқ» деген мағынаны қуаттау үшін жасалады. Ал енді сауалда сұралған намазда сұқ саусақты көтеріп, оны үздіксіз қимылдату мәкрүһ амалға жатады. Шафиғи мәзһабының белді ғалымы Имам Мұхиддин ән-Науауи өзінің «әл-Мәнсуураат фи ъуюунил- масаайлил-муһиммат» атты фатуа жинағында: «Тәшаһһүдте оң қолдың сұқ саусағымен ишарат ету мұстахаб амал ма? Және қай уақытта ишарат етіледі? Және саусақты үздіксіз қимылдатады ма? Жоқ әлде үздіксіз қимылдату арқылы намаз бұзылады ма? Және оң қолмен қатар сол қолдың да сұқ саусағымен ишарат жасалады ма? Егер оң қолдың сұқ саусағы жоқ болса, сол қолдың сұқ саусағымен ишарат жасауға болады ма?» деген сұрақтарға былай деп жауап берген: «(Әттахият дұғасындағы) «иллаллаһ» сөзінде бір рет оң қолдың сұқ саусағын көтеріп, (Алланың бір екендігіне) ишарат жасау мұстахаб. Бірақ оны қайта-қайта қимылдатпайды. Егер үздіксіз қимылдатса намазы бұзылмағанымен мәкрүһ болады. Намазы бұзылады деп те айтқандар бар. Оң қолдың сұқ саусағы бар болса да, жоқ болса да сол қолдың сұқ саусағымен ишарат жасалмайды. Ал егер жасайтын болса, намаз бұзылмағанымен мәкрүһ болады».Ал ханбали мәзһабының ғұламасы Ибн Құдама өзінің «әл-мұғни» атты мәшһүр кітабында былай дейді: «Тәшаһұдтта (иллаллаһ деп) Алланы айтқан кезде сұқ саусақты көтеріп, (Алланың бір екендігіне) ишарат жасайды. Өйткені Абдуллаһ ибн Зубайрдан Алла елшісінің саусағымен ишарат қана жасайтыны және оны үздіксіз қимылдатпайтындығы риуаят етілген.

Ахмадия діни ағымы: Отан қорғау деген түсініктен мақұрым қалған
Ақ неке –Алланың адамзатқа берген сыйы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу