Намазда қолды алғашқы тәкбірде ғана көтерудің дәйекті дәлелі бар ма?

Oinet.kz 21-06-2019 1310

Screenshot_5.jpg

(Сұраққа Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығының» мамандары жауап береді) 

Жауап:

Намазда екі қолдың тек алғашқы тәкбірде ғана көтерілетіндігіне байланысты ханафи мәзхабының мынандай дәйекті дәлелі бар: Алқама Абдуллаһтан риуаят етті: Ол (Абдуллаһ ибн Мәсғуд):

«Мен сендерге Алла елшісінің намазын оқып көрсетейін бе?, – деп намаз оқыды. Намазда екі қолын бір-ақ рет көтерді». Бұл хадис Насайиде келтірілген. Дәрежесі сахих. Және бұл хадис Ибн Әби Шәйбада да келтірілген. Оның риуаятындағы

жеткізген жеткізушілердің бәрі Бухари мен Муслимнің шартына сай. Бұл хадис тағы да Ахмадтың «Муснадында» келген. Ханафи ғалымдары рүкүғқа барарда және рүкүғдан қайтқанда қол көтерілетіндігіне байланысты басқа

сахих хадистерді емес, Ибн Масғудтың осы хадисін негізге алған. Себебі, Ибн Масғуд сахабалардың арасындағы ең көп фиқһ білімін меңгерген әрі жас жағынан да ең үлкені еді. Ол Пайғамбарымыздың жанынан үнемі шықпайтын, сондай-ақ, қолды рүкүғқа бара жатқанда және қайтқанда көтерілетіндігіне байланысты сахих хадисті риуаят еткен Абдуллаһ Ибн Омардың өзі іс жүзінде намазда бір-ақ рет қол көтергендігі сахих жолмен

жеткен. Ендеше, ханафи мәзһабындағы хадисті жеткізген адамның хадисін емес, ісін негізге алу ережесі бойынша да қолдар алғашқы тәкбірде ғана көтеріледі.

«Психологиялық қысым» қалай жасалады?
Муртәд деп кімдерді айтамыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу