Құрбандық шалудың амалдары

Oinet.kz 26-07-2019 1059

Screenshot_1.jpg

Құрбан айт мерекесі -  Меккеге қажылыққа баратын мұсылман жоралғыларының бір бөлігі болып табылады. Мереке Мекке маңындағы Мина аңғарында Зул-Хижаның мұсылман ай күнтізбесінің 12-ші айының 10-шы жұлдызында аталып, 2-3 күнге созылады.  Биылғы жылы Арапа 10-тамыз, Құрбан айт 11-тамызға түсіп тұр. Бұл мереке – өзгеше құлшылық, қанағат пен мейірімге бөленетін күн,  онда -   малдың сапасы артқан сайын, сауабы да арта түседі.  

  Пайғамбар (с.ғ.с): « Құрбандық ретінде төрт түрлі малды шалуға болмайды:

 - ақауы айқын бір көзді малды;

 -  ауруы айқын ауру малды;

 - ақсақтығы айқын ақсақ малды;

 - әлсіздігі айқын арық малды»,- деген (Хадисті Тирмизи, Ахмәд жеткізген)

  

   Құрбандыққа қандай мал сойылады:

- Малдың еркек не ұрғашы болуының айырмашылығы жоқ. 

- Бес жасар түйе;

- Екі жасар сиыр, өгіз;

- Бір жасар қой:

- Бір жасар ешкі;

 

   Мал бауыздарда не айтасыз?

1) « Бис-мил-ләәһ, Уәл-лаа-һу Әк-Бәр» 

     ( Алланың атымен, Алла ұлық!)

2) «Бис-мил-ләәһ, Уәл-лаа-һу Әк-Бәр,

     Ал-лаа-һум-мә һәә-зә мин-кә уә лә-кә»

   ( Алланың атымен, Алла ұлық!

     Алла сен бердің, сенің ризылығың үшін)  

 

  Ет үлестіру: 

- 3/1 өзінің отбасына, бала-шағасына

- 3/1 туған-тус, көршілеріне

- 3/1 кедей және мұқтаж адамдарға

Ескерту: - Құрбандыққа шалынған малдың терісін етінен қасапшыға қызмет ретінде берілмейді, теріні сатып, ақшаны садақа ету керек.

Атеистпен болған әңгіме...
Cпорт бұйымдары мен ойын - сауық құралдары туралы жұмбақтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу