Әскерге келгенде үнемдеу еске түседі

Oinet.kz 26-04-2023 645

Отан қорғаушы және 9 мамыр – Жеңіс күні мейрамына орай әскери шеру өтпейтін болды.

Screenshot_9.jpg

"Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында және басқа да міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты биыл елімізде әскери шеру өтпейді. Жалпы алғанда қазіргі уақыттағы маңызды басымдық – Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын талап етілетін деңгейде ұстап тұру", – делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Қарулы күштер бас штабы жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары Дәурен Абдуллин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қазақстанның Мәскеудегі әскери шеруге де қатыспайтынын мәлім етті.

"Қорғаныс министрлігі үнемдеуге байланысты аталған шараға шығындайтын бюджет қаражатын әскердің жауынгерлік дайындығы мен ұтқырлығын арттыруға бағыттайды. Мәскеудегі парадқа қатысу мәселесіне келсек, қазіргі таңда Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының әріптестігінің күн тәртібінде ондай мәселе тұрған жоқ", – деді Дәурен Абдуллин.

Әбдірахымов елге естелік айтуды бастады
Әйтенов заңсыз жер таратумен айналысқан ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу