Әйтенов заңсыз жер таратумен айналысқан ба?

Oinet.kz 27-04-2023 598

7058f9e33a5ed55d.jpeg 

Жер комитетінің төрағасы– Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов фейсбуктегі парақшасында  «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-на заңсыз табысталған жер учаскелері туралы ақпараттарды жария етті. 

-Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаментімен Шымкент қаласы әкімдігінің 2021-2022 жылдары аралығында жер учаскелерін табыстау туралы қабылдаған қаулыларына профилакикалық бақылау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Шымкент қаласы әкімдігімен «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ –на инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енбеген (көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыстарына, коммерциялық нысандар үшін) қызмет түрлері үшін жер учаскелері жүйелі түрде 168 жер учаскесі (81,4 га) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарын бұза отырып табыстағандығы анықталып, жер заңдылығының бұзылуын жою туралы нұсқама берілді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы прокуратурасымен бірлесіп, Шымкент қаласының әкімдігінің 2018-2020 жылдары арылығында жер учаскелерін табыстау туралы қабылданған қаулылары бойынша жүргізілген тексерулердің нәтижесінде, 97 жер учаскелері (91,5 га) ҚР Жер кодексінің талаптарын бұза отырып табысталғандығы анықталды.

Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан 2018-2022 жылдары аралығында жалпы 265 жер учаскелерін (172,9 га) ҚР Жер кодексінің 48 бабының талаптарын бұза отырып табысталғандығы анықталған.

Бүгінгі күнге;

7 - жер учаскелері бойынша (2,01 га) соттың шешімдерімен жарамсыз деп танылып, мемлекет меншігіне қайтарылды.

36 - жер учаскелері (0,0766 га) уәкілетті органмен екі жақты келісім шарты бұзу арқылы мемлекет қорына кері қайтарылды.

51 - жер учаскесіне (39 га) қатысты сотқа-талап арыздар Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына беріліп қаралуда.

- Мен ешқандай қорытынды жасап жатқан жоқпын, тек фактілерді жазып отырмын,-деп жазған Мұрат Теміржанов. 

Шымкент қалалық әкімдігінің «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жер телімдерін алпауыт құрылыс компанияларына бергенін бұған дейін белгілі заңгер, қазіргі уақытта Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек те жазған болатын. 

Ал, Шымкенттің әкімі лауазымын 2020 жылдың қаңтарынан бері Мұрат Әйтеновтың атқарып келе жатқаны белгілі.  


Әскерге келгенде үнемдеу еске түседі
Арман Жетпісбайдың орны кімге бұйыруы мүмкін?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу