Қоянбаевтың махаббаты (видео)

Oinet.kz 26-01-2020

Миллардер атанған танымал әзілкеш Нұрлан Қоянбаев 15 жыл жасырған жан-жарын көрсетті, деп жазады Oinet.kz порталы «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.

ҚОЯНБАЕВ.jpg

Нұрлан Қоянбаев сүйген жары Әйгеріммен ең алғашқы таныстықтарын, үйлену тойындағы естеліктерін айтып берді.

«Ең алғаш 2004 жылы танысқанбыз. Ол кезде мен КазГУ-де проректормын, ал Әйгерім 1 курс студенті болатын. Квн арқылы танылып жүрген кезім. Номерін, адресін сұрап, дәл кинодағыдай, мен бір апта босамаймын, жұмыстарым көп, - деп мақтанғанмын (күліп)», - дейді Қоянбаев.

Араға жылдар салып, нақты шешімге келемін. Жанымда Айдарқұлов бар.

«Жүр, кеттік Таразға. Ата-анасын алдынан өтеміз», - деп Таразға барсақ, Әйгерім Шымкенттемін, - деді. Содан Шымкентке бардық, - деп күліп әңгімелеп берді.

Бүгінде қос жұп Нұрай, Нұрсейіт есімді балақайлардың ата-анасы.

Айта кетейік,  30 қаңтар күні продюсердің кезекті «My love is Aisulu» кинотуындысының тұсаукесері болады.

Естеріңізде болса, Қоянбаевтың «Бизнес по-казахски в Корее» фильмі нәтижесінде рекорд жаңартып, миллиардер атанғанын хабарлаған болатынбыз. 

Алтынай Жорабаева тойда билеймін деп елдің сөзіне қалды
Алмас Кішкенбаев: «Өз өмірімнен сыр шертетін кітап жазып жатырмын»

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×