Алмас Кішкенбаев: «Өз өмірімнен сыр шертетін кітап жазып жатырмын»

Oinet.kz 26-01-2020 2550

Отандық танымал әнші Алмас Кішкенбаев кітап шығармақ, деп жазады Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы әнші инстаграмм әлеуметтік желісінде хабарлады.

Алмас Кішкенбаев.jpg

Жеке өміріндегі сәтсіздіктер әншіні күйзеліске түсірген. 

«Өз өмірімнен сыр шертетін кітап жазып жатырмын» - дейді.

Сахнадан жырақтап кеткен Кішкенбаев: 

«Сіздерге дайындап отырған жаңалықтарым бар. Мені алаңдап, әндерімді күтіп жүргендеріңіз үшін басымды иемін. Екі балапанымның өсіп келе жатырғанын жақсы білесіздер, олардың сөйлескендегі сөздері де, сұрақтарыда есеюде.

Менің өмірге келген күннен бастап есімдегі барлық сәттерімді қағаз бетіне шығаруды шештім. Бұл ой бірәздан бері болған, енді ғана шешімге келдім. Мен әрине жазушы емеспін, мен тек баяндап беремін.

Ал жақын арада қыз баласының уайымы, әкенің қызына, ағаның қарындасына, інінің әпкесіне деген қамқорлығы жайлы бейне клип жарыққа шығады. Инстаграммда жоқ болып кеткенім үшін кешірім сұраймын, ертеңнен бастап қайта белсендімін», - деп жазды.

Естеріңізде болса, Кішкенбаев 10 мың теңгеге баспана ұтып аласыз деп көпшіліктің сынына қалған еді.

Қоянбаевтың махаббаты (видео)
«Қазақ аруы» байқауының тәжі қанша тұрады? Баян Алагөзова құпияны ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу