Мадина мен Меруерттің лоторея үшін жанжалдасқаны рас па

Oinet.kz 29-04-2020 1646

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева алғаш рет Мадина Сәдуақасовамен жанжалдасуына не себеп болғанын ашып айтты. Белгілі болғандай, қос жұлдыз лотерея ойынына қатысты араздасып қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

image.png

Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында ауқымды жазба жариялап, өнердегі сіңлісімен арадағы дауды егжейлі-тегжейлі түсіндірді. Өнер иесі Сәдуақасованың ұтыс өткізіп жүргенін естіп, оны алаяқтардың құрбаны болудан сақтап қалуды мақсат еткенін айтты. 

- "Өз басымнан өткен жағдай бұл. Мадина сіңлім мені тыңдағысы келмей, ватсап желісінде не себепті бұғаттап тастады? Оның әкімшісі болса, тіптен инстаграмда да мені бұғаттаған. Артынан мені сұхбаттарында кінәлап жатты. Алайда, мен оның сөздеріне бірден жауап қайтармадым. Күттім. Өз кінәмді сезінгендіктен емес, шындық бетіне шығатынын сездім. Сонымен, біздің ұрысымыздың басты себебі - лотерея. 

Мен желіде жұлдыздарды оқымаймын. Тек өзіме жақындарға ғана жазылғанмын. Мен әрқашан тренингтер мен лотереяларға деген көзқарасымды ашық түрде білдіріп келгем. Бір күні, маған желіде бір қыз жазып, миллион теңге ойнатқан Мадина Сәдуақасоваға деген өкпесін айтты. Шынымды айтсам, мен қатты таңғалдым. Мен лохотронмен айналысатындардың тізімінде Мадина бар деп ойламаппын. 

- Мен әріптестерімді екі санатқа жатқызамын. Мадина мен үшін ақкөңіл әрі абыройлылардың қатарында болатын. Мен сол оқиғадан кейін оған WhatsApp желісіне жазып, лоторея туралы ойымыды айттым. "Саған не қажеті бар соның" дедім. Оған тіпті, бойжеткеннің шағым хатын да жібердім. Ол маған жауап ретінде бірден мені бұғаттап тастады. Әлемдік дағдарыс, пандемия мен қасиетті Рамазан айында Мадина маған не себепті ашуланғанын айтады деген үміттемін. Мадина, алтыным. Мен сені мұндай нәрселерге қимайтын болғандықтан жаздым. Біз бұрыннан таныспыз. Мен өз пікіріммен, сені сақтап қалғым келді. Кешір, әрине. Мен бұл істің жақсылықпен аяқталмайтынын білгенмін. Халықтың өз қасиеті, құдыреті және сұрауы бар. Ернар ғана емес, лотерея өткізген әрбір жан жауап берсін" , - деп жазды әнші. 

Айта кетейік, бұған дейін Ернар Айдар өзінің тұтқындалуы мен өткізген ұтыс ойнына қатысты алғаш рет пікір білдірген болатын. Өнер иесі көпшіліктен кешірім сұрап, өзінің алданып қалғанын айтты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Сұрақ көп екен...пост жазбайын деп едім#өз басымнан өткен жағдай бұл

Ернар Айдар тыңдармандарына үндеу жолдады
«Әлібидің әділ екенін сеземін» - Отандық әншілер Әлібиге қолдау білдіруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу