Алтынай Жорабаева тағы бір қуанышты жаңалығымен бөлісті (видео)

Oinet.kz 21-05-2020

Отандық эстраданың танымал жұлдызы Алтынай Жорабаева өзінің сүйіктісінің мәрттігін жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

Screenshot_3.jpg

Кеше түнде өнер иесі Instagram парақшасында екінші рет тұрмысқа шыққанын қуана жариялаған  болатын. 

"Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Рамазан айында керемет жаңалығым бар. Адамның емес , Алланың қалауы болады. Маған және төрт қызғалдағыма қорған, қамқоршы болатын бағбан берген Аллаға сансыз шүкір! Әрине, мен әуелі ата-анамның ақ батасын, қыздарымның келісімін алдым. Енді осы қадамыма сіздердің, аяулы оқырмандарымның да ақ тілегін алсам деймін. Бақытты адам басқаға да бақ тілейді. Бізге де жақсы тілектеріңізді арнасаңыздар екен. Алла тілектеріңізді еселеп қайтарсын өздеріңізге. Ертең Алла қаласа тағы да жаңалығым бар" - өнер иесі.

Ал түндегі айтқан жақсы жаңалығы тым ерекше болды. Жаңа күйеуі сүйіктісіне қымбат жүзік сыйласа, оқырмандарына қомақты ақша тарту еткен. Осыған қарап сүйіктісінің бай-бағлан азамат екенін аңғаруға болады.

Қайткен күнде де біз өз теңін тапқан Алтынай Жорабаеваға әйел бақытын тілейміз. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

5 адамға 50.000 теңгеден, 10 адамға 10.000 теңгеден сыйланады!

Карантин кезінде теңін тапқан жұлдыздар
​Екінші рет тұрмыс құрған Жорабаева күйеуі туралы бар шындықты айтты

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×