Ләйлә Сұлтанқызы балаларының соңғы қоңырауы қалай өткендігін баяндады

Oinet.kz 25-05-2020 1254

Қазақстандық белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарының онлайн форматтағы соңғы қоңырауы қалай өткенін айтып берді. Журналист мектеппен видеобайланыс арқылы қоштасатын заманға куә боламын деп ойламағандығын жеткізді. Ол әрбір оқушыға естен кетпес әсер сыйлайтын шараның мұндай жағдайда өткеніне қатты қынжылғанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

image.png

Әлеуметтік желіге ұлының соңғы қоңыраудан кейінгі суретін жариялап, карантин кезіндегі мектеппен қоштасу шарасы жайлы айтып берді. Ол видеобайланыс арқылы өткен жиын оқушыларға мүлдем ешқандай эмоция сыйламағанын алға тартты. Тележүргізуші келесі соңғы қоңыраулар онлайн түрде емес, мектеп алдында өтетініне үміт білдірді. 

- "О заманда бұ заман, наушник арқылы тілек айтып, видеоқоңыраумен мұғалімдерге денсаулық тілеймін деп кім ойлаған?! Онлайн соңғы қоңырауда ата-аналар атынан сөз сөйлеңіз деп қолқа салғанда «жақсы» деп ем. Біраз қызыққа куә болдым-ау. Құлаққап арқылы дайын роликтер көріп, директордың тілегін интернеттің баяу күшімен әзер көріп, стоп кадрда тудың фонымен гимн тыңдап, балалардың өшірулі микрофоны қосылмаған күйі мектеппен де қоштастық. Эмоция жоқ. Әрине, балалар іштей қуанышты шығар. Бірақ тым біртүрлі. Арасында ұлым әзілдеп қояды: «Анашым, қыркүйекте те бәрі бір виртуально оқысақ, несіне қоштасамыз?!» - деп. Қызық. Сіздерде қалай өтті соңғы қоңырау? " , - деп жазды ол. 

Қайрат Нұртас анасына теңдесі жоқ сыйлық тарту етті
Әнші Серікбол Сайлаубекке күрделі ота жасалуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу