Қайрат Нұртас анасына теңдесі жоқ сыйлық тарту етті

Oinet.kz 25-05-2020 1570

Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Қайрат Нұртастың ата-анасы жаңа үйге көшті. Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер айт мерекесін жаңа баспанасында қарсы алған. Желіде жұлдызды жанұяның жаңа шаңырағында түсірілген видео тарап кетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_2.jpg

Бұл туралы Гүлзира Айдарбекованың Instagram парақшасындағы бейнежазбадан белгілі болды. Онда белгілі продюсер қайын жұртының ортасында отырған. Үйді аралап, видеоны түсірген адам ерлі-зайыптыларды баспаналы болғанымен құттықтағанын естуге болады. Айдарбекова жариялаған бейнежазбасының астына айтқа қатысты жазба қалдырып, онда ұлы Қайрат Нұртасқа алғысын білдірген.

Gulzira-aydarbekova-kayrat.jpg

 "Айт құтты болсын! Әуелі Алла, екінші Қайрат ұлыма алғысым шексіз! Үміт артқан ұл-қыздарыңыз бақытқа жеткізсін! Айт - қуану, көтеріңкі көңіл-күй деген сөз. Бір дастархан басында жиналып, шаттанып құттықтасу. Айт - өзара шүйіркелесу. Сүйген жандарыңа сөздің ең əдемісін арнау. Айт - бауырмалдық. Жылы жүзбен жолығысып, арқа-жарқа құшақтасу, мұңдының мұңын бөлісу, көңілі жарымның көңілін табу. Айт - алысты жақындату, суып кеткен қатынасты жылыту. Нәпсіңді тізгіндеп, кішіпейіл кейіпке еніп бірінші боп xабар алысу, Кешірім сұрасу. Айт - көптен көріспеген жандармен жолығысу. Өміріміз айт секілді қуаныш пен шаттыққа толы болсын" , - деп жазды ол.

Желідегілер бұл үйді ата-анасына хитменнің өзі әперген деп топшылады. Айдарбековтердің зәулім үйін көрген көпшілік, оған тәнті болып өз пікірлерімен бөліскен. "Неткен керемет үй" , "Үлкен екен, мен мейрамхана екен деп қалдым" , "Тағы бір үй алған ба?" , "Қайрат әперген шамасы. Жарадың" , "Қайраттың арқасы ғой барлығы да" , - деп жазды олар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Үміт артқан ұл-қыздарыңыз бақытқа жеткізсін!

Қазақстандық танымал жұп сәбилеріне елде жоқ есім берді
Ләйлә Сұлтанқызы балаларының соңғы қоңырауы қалай өткендігін баяндады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу