Жанар Байсемізова: «Ораза тұту Құранда жоқ!»

Oinet.kz 08-05-2019 4317

Белгілі тележурналист Жанар Байсемізова бүгінде, көпшілікке рухани азық сыйлайтын мотиватор ретінде танылды. Әлеуметтік желідегі 125 мың оқырманын түрлі пайдалы кеңестер мен жағымды жаңалықтарымен қуантып жүрген Жанар Байсемізованың соңғы жазбасы көпшілікке жақпай қалды. Оның инстаграм желісіндегі парақшасында «Бір ай бойы ораза тұту Құранда жоқ» тақырыбында қалдырған деректерін көпшілік қызу талқыға салып жатыр.

image.png

Бес парыздың бірін жоққа шығарған бұл жазбаны тележүргізуші белгілі бір сары басылымнан көшіріп алғанын айтып ақталуда. Ал, өз кезегінде қарапайым халық пен елге белгілі өнер адамдары да Жанар ханымның бұл әрекетін теріс пиғылға балады. Олардың ойынша, жазбаның астарында жазба авторының да ойы жатыр екен. 

«Ертең бір ойыңызды жинақтап пост шығарасыз деген үміттемін. Мына жазба сіздікі емес. Сіздің жазбаларыңыз Аллаға жақын. Және былтыр өзіңіз ораза ұстап, оны 10 күн емес 30күн ұстағаныңыз анық есімде. Биылда солай болар», «Жанар ханым, жоқ жерден жаңалық ашу ұнайды-ау сізге... Онсызда екі ойлы боп жүргендер шын қабылдап қалып, қанша адамды адасуына себеп боп қалмаңызшы... Ораза- бес парыздың бірі», «Мынаны xайп көздеп жазсаңыз да... Ақылсыздықтың ең жоғарғы сатысында жаздыңыз!», «Мынау таза алжудың алдындағы синдром. Алла сақтасын мұндай адасудан»- деген пікірлер толастар емес. 

Ал, бұл пікір таласқа айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева «Ораза Алланың парыз еткен амалы» деп өз пікірін қалдырса, психолог Құралай ханым мен журналист Асхат Садырбай сабырға келіп, бұл жазбасын желіден алып тастауын өтінген. 

«Қайырлы күн! Менің жазған соңғы постымды оқыңыз да бұл постты өшіре салыңыз. Алла кешірсін», «Жанарик мына постыңды алып таста»,- деп өтініш жазған. 

Алайда, Жанар Байсемізіованың инстаграм желісінде тікелей эфирде айтқан сөзіне қарағанда, жұл жазба ешқашан өшпейтін сияқты. 

«Менің жазбамның астына танымал адамдарды белгілемей-ақ қойыңыздар. Олар өздерінің әнін айтып, жұмысын жасап жүре берсін. Постты алып таста деп өтініш айтқандар: Бұл жазба сол жерде қалады», -деп айтты Жанар ханым

Меруерт Түсіпбаева Қазақстанның көк туын алып шыққан жалаңаш қызға шүйлікті
Қайрат Нұртастың әйелі "Жезөкшені" қатты сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу