«Бәрі аферист, алаяқ»: Коронавирус жұқтырған шенділерді сынға алған ақын елді дүрліктірді

Oinet.kz 19-06-2020 5870

Елімізге танымал хит әндердің авторы ақын Қайнар Алагөзов коронавирус инфекциясын жұқтырып,қазірде оқшауланып жатқан шенеуніктерді сынап тастады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

Screenshot_1.jpg

Ақынның айтуынша, олардың ешбірі шын мәнінде коронавирус инфекциясын жұқтырмаған. Ол тіпті қауіпті вирус мүлдем жоқ екенін айтып, ауырып жатқан шенділердің біреуіне де сенбейтінін ашық айтты.

Қайнар Алагөзов бұл жазбасын Instagram парақшасында жариялады. 

"Мына аурулардың ішінде мен сенетін ешкім жоқ екен. Тап осыдан өліп, өздері салдырған пешке өртесе де сенбейм. Жер бетінде ешқандай да Коранавирус жоқ, достар. Коранавирус бар деп, елді ақымақ санап, жұртты сендіргісі келген адамның бәрі аферист, алаяқ" , - деп жазды ол. 

Танымал ақынның жазбасы желіде қызу талқыға түсіп, елдің сынына ұшырады.

"Аузыңыз дәм сезбей, мүрныңыз иіс сезбей жатса көрер едім қалай болғаныңызды. Олай айтудың қажеті жоқ" , "Сізді қазір мен жатқан ауруханаға әкеліп, демала алмай жатқандарды көрсе басқаша сайрар едіңіз. Дәлізде орын жоқ. Ауруханадан қашатын адамдар жатуға жалынып жатыр. Бұл жай грипп емес" , "Коронавирус жоқ деп айтып жатқандардың сөзі боқ" , "Сонда қайтыс болған жүз адам неден көз жұмды?" , "Сіздің сенетіңіз бен сенбейтіңіз маңызыды емес. Жоқ екеніне дәлеліңіз бар ма?"

«Дәрігерлер аяғымды кесу керек деді» - Тұрсынбек Қабатов
Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы жан тебірентерлік жазба қалдырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу