«Киноға бәрі төсек арқылы келгенде, біз төбелеспен қабылдандық»

Oinet.kz 01-07-2020 1716

Отандық танымал актер Қайрат Әділгерей шын мәнінде кино индустриясына көбісі "төсек арқылы" келетінін жайып салды. 

Маған бәрібір, жүргізе беремін: Қайрат Әділгерей өзін ...

Оның сөзінше, өнерпаздар фильмдегі басты рөл үшін бәріне дайын екен. Алайда әзілкештің өзі отандық туындылардағы басты рөлдерге қол жеткізу үшін ешкімді төсекке тартпайтын болып шықты. Осы алдағы уақытта қатысатын жобасына ол тіптен төбелестің арқасында келген.

Нұрлан Қоянбаевтың фильміндегі рөл үшін Жахан Отарғалиевпен жарысып, артынан одан ұтылған Әділгерей ақыр-соңы аталмыш кинода бой көрсететін болды. 

Бұл туралы бас продюсердің өзі мәлімдеді. 

Қайрат Әділгерей Нұрлан Қоянбаевпен желіде бірге эфирге шығып, көпті күлкіге қарық қылған. Өнер иесі көптеген әріптестері басты рөлді "төсектің" арқасында, теріс жолмен иемденсе, өзі "Қазақша бизнес Түркияда" атты фильмге төбелеспен қабылданғанын жеткізді. 

"Шын мәнінде қабылданғаныма қуанып жатырмын.Құдайға және өзіңізге мың да бір рахмет. Бәрі төсек арқылы кіріп жатқанда, біз ғана шығар төбелесіп қабылданған" , - деді ол. 

Динагүл Тасова журналист Нұрсұлтан Құрманға үйленуге ұсыныс жасады
Әнші Саят Медеуовтың анасы қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу