"Антибиотик салмаңыздар": Индира Расылхан анасының қазіргі жағдайымен бөлісті

Oinet.kz 08-07-2020 3256

Отандық танымал әнші Индира Расылхан кеше ғана анасының денсаулығы күрт нашарлап, жедел жәрдем шақыртқанын хабарлаған болатын. Дәрігерлер қойған пневмония диагнозынан қатты қорқып, көпшіліктен дұға етуін сұраған өнер иесінің көңілі бүгін орнына түсті. Анықталғандай, анасының жағдайы анағұрлым жақсара бастаған.

image.png

Индира Расылхан Instagram парақшасында анасының қазіргі халін баяндап, қандай ем алып жатқандарымен бөлісті. Сондай-ақ, эстрада жұлдызы анасы үшін дұға жасап, оның тез сауығып кетуін сұраған халыққа өз алғысын білдірді. Әнші желідегі оқырмандары ұсынған дәрігердің емдеу тәсілін таңдап, қателеспеген. Анасының денсаулығы жақсарып шыға келді. 

"Қадірмендерім менің! Жақсыларым ау! Алла баршаңызға разы болсыншы. Алланың қалауымен, сіздердің тілектеріңізбен, еткен дұғаларыңызбен Анашымның халі жақсарып бастады. Аллаға сансыз шүкірлік еттім. Тап осылай ешқашан уайымдамап едім. Індеттің қарқыны жаман болғандықтан болар. Көбіңіз Айна Бакееваның парақшасындағы кеңеспен бөлісіпсіздер. Алла разы болсыншы. Емі өте орынды және дұрыс ақ екен. Антибиотик салмаңыздар. 

Мен бір врачтың кеңесімен Метрогил мен антибитик салдыртып едім Анама, содан хәлі күрт нашарлады. Содан одышка басталды. Ең дұрысы сол дексаметазон және де дыхательная гимнастика екен. Гимнастика жасағанда адам терлей бастайды. Ал терлеген өкпенің жұмыс жасауын жақсартады және сұйықтық термен шығады екен. Бұл енді біздің қолданған тәсіліміз. Адамның организмы әртүрлі болғанымен, қазіргі емделу процесі бірдей. Сол үшін Айна ханымның айтқанын жасаңыздар. Жан ұшырып бекерге шырылдап жатқан жоқ екен. Алланың қалауымен сол кісінің кеңесімен жақсарғанымызға қуаныштымыз" , - деді ол. 

Танымал актер Дархан Дайырбек өмірден өтті
Алтынай Жорабаева Қазақстандық шенеуніктерге шүйлікті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу