«Енді анам қоңырау шалмайды»: Саят Медеуов әсерлі жазбасымен елді жылатты

Oinet.kz 10-07-2020

Отандық танымал әнші Саят Медеуов желіде анасына жантебірентерлік жазба арнады. Анасынан айырылған өнер иесінің әсерлі сөздері оқырмандар жүрегіне жетіп, көпшілікті жылатқан.

image.png

Саят Медеуов енді өзіне анасы қоңырау шалмайтыны мен оның даусын ешқашан естімейтініне көніге алмай жүр. Әнші Instagram парақшасында бар жан сырын ақтарып, анасымен қимай қоштасты. 

"Қайғыма ортақтасқан ел жұртыма, әріптестеріме алғысым шексіз. Алла разы болсын! Жеке рахмет айта алмаған болсам айыпқа бұйырмаңыздар кешіріммен қараңыздаршы. Елде қайғы көп қой бірақ Жаратушы Алла одан кейін Ана ғой. Анам туралы қалай айтпайын. 

"Айналайын балам” деген сөздеріңізден бастап көп жылы сөздеріңізді өзіңізбен бірге жерге ала кеттіңіз, маған енді айтпасыңызды білемін, жүрегім ауырады сыздайды. Кім айтса да сіздің үніңіздей шықпайды, жылулық сезілмейді, бірақ амал барма. Өзіңізсіз көзім жасаурап үш күн өтті, сіз менің ғана емес көптің анасы едіңіз ғой, көпке қайғырып көңіл айтамын! Мама сіз туралы айтар сөзім таусылмайды,тоқтай алар емеспін. Бірақ менің анам туралы айтаберуім кімге керек деп деп қана тоқтадым. Мына дүниеде айталмаған жылы сөзім, жасай алмаған жақсылығым ,қателігім болса кешірші мама. 

Балалығым өзіңізбен кеткендей күй кешудемін. Енді менің үйіме ,, мені сағынғандар барма” деп келмейсіз ғой Мама. Мама әкемнің сөздері ауыр, бала шағаңыз жабылып сіздей бола алмаспыз, жүрегім ауырады, әкемді қатты қызғанушы едіңізғой қалдырырыңызшы бізге, өзіңмен әкетпеші. Мама мен сізге ризамын! Анашым Жаныңыз жаннатта шалқысын ! Есейгенде,ақылшы анасыз қалдым деп жыламадым, Қартайғанда,сыңарсыз панасыз қалды деп әкем үшін жыладым. Ауырмаңыздар, елдің еңсесі көтерілсін, барша елге жақсылықтан басқа тілерім жоқ" , - деп жазды ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ассалаумағалейкүм баршаңызға! Қайғыма ортақтасқан ел жұртыма, әріптестеріме алғысым шексіз,Алла разы болсын! Жеке рахмет айта алмаған болсам айыпқа бұйырмаңыздар кешіріммен қараңыздаршы... Елде қайғы көп қой бірақ Жаратушы Алла одан кейін Ана ғой. Анам туралы қалай айтпайын...

Танымал режиссер министрді қатаң сынға алды
Тоқаев Тұрсынбаеваның ұсынысын қабыл алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×