Атышулы қалаулымдық ару тікелей эфир кезінде ұзатылып, тұрмысқа шықты (видео)

Oinet.kz 16-07-2020 3608

Бастапқыда "Қалаулым" болып, кейіннен "Qoslike" деп атауын өзгерткен атышулы жобада жаңа отбасы құрылды. Бағдарламаға өз өмірлік серігін іздеп келген Назым Жұмабек есімді ару сүйіктісін жолықтырып, ресми түрде қалыңдық атанды. Бүгінгі тікелей эфир кезінде оның ұзату тойы өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме берген Oinet.kz.

image.png

Жоба ұжымы махаббат алаңында арқа сүйер азаматымен табысқан аруды тікелей эфирде ұзатты. Қуанышты шараға барша қатысушылар мен қос ғашықтың ата-анасы да қатысқан.

 Бағдарлама барысында алдымен бойжеткенге сырға салу рәсімі өтіп, одан кейін ол қазақи салт-дәстүр бойынша ұзатылды. 

Отбасылық өмірге қадам басқалы тұрған Назым Жұмабек өзге қатысушы аруларға жұғысты болсын деген ырыммен үкі таратып, барлығымен қимастықпен қоштасты. 

Атышулы бағдарламада әлі өз жұбын күтіп отырған басқа қыздар да ұзатуға байланысты әсем көйлектерін киіп келген. Ұзату рәсімі аяқталған соң, қос ғашық некелесті. 

Жоба қатысушысы киімін ауыстырып, ортаға қалыңдық көйлегімен шыққан. Екі жас бір-біріне неке жүзігін тағып, ресми түрде ерлі-зайыпты атанды. 

Айта кетейік, Назым Жұмабектің таңдауы Арсен есімді алматылық жігітке түскен. Бұл екі жас үшін де екінші неке болмақ. Екеуінің де бірінші отбасылық өмірі сәтсіз аяқталған. 

Тағдырлас жандар тек бір ай көлемінде кездесіп жүріп үйленуге шешім қабылдаған, Назым мен Арсеннің бірінші некелерінен бір-бір ұлы бар. Жоба қатысушысы өзін ғана емес ұлын да аманат етіп тапсыра алатын ерін жолықтырғанына аса қуанышты екенін жасырмады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бәрі де Аллахтың қалауымен

Дильназ Ахмадиева ұлына ерекше есім берген екен
«Жігіт көрмеген қыз» Кентал әйелі туралы мақтана айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу