Заңға қайшы әрекет еткен Маржан Арапбаеваның басы дауға қалды

Oinet.kz 23-07-2020 3664

Танымал әнші Маржан Арапбаева көлік жүргізіп келе жатып, тікелей эфир жүргізген видеосын сторисіне жүктеген, деп хабарлайды Ernur.kz-ке сілтеме берген Oinet.kz тілшісі.

dfbbc999-f269-4def-8aa9-918b585123b2.jpg

Бұл видеоны көрген оқырмандар өнер иесінің көлік жүргізіп келе жатып, тікелей эфир түсіріп, қауіпсіздік белдігін қолданбай, заңды белшесінен басқанына наразы. Оқырмандар өнер иелерінің көпшілігі көлікті заңды бұзып айдайтынын жазады. 

"Заң алдында бәрі тең! Мейлі, министр, мейлі, әнші... Әлеуметтік желіде автокөлік басқарып келе жатып, телефонға түсіріп отыратын және қауіпсіздік белбеуін тақпайтын "жұлдыздар" өте көп. 

Неге олар осы құқық бұзушылық әрекеті үшін жауап бермейді? Олардың қай жері артық? Әнші, биші болғаны үшін бе? Әлде Қазақстан азаматтарына бірдей ортақ заңға түкіргені ме? 

Маржан Арапбаева 7 сағат бұрын өзі жариялаған видеосында 2 бірдей жазаға лайық: 

1. ҚР ӘҚБтК 591-бабының 1-тармағы. Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы - 5 АЕК. 

2. ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-тармағы. Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау – 5 АЕК. P.S. 

Арапбаеваға адвокат болмай-ақ қойыңыздар. "Жұлдыз ұстаған" жұлдыздардың ЖҚЕ бұзушылықтарын бұдан кейін де жариялап тұратын боламын. Заң бәріне ортақ!" - деп жазады белсенді әлеуметтік желі қолданушысы.


Мұхтар Шаханов дертінен айығып ауруханадан шықты (фото)
30 минуттық өнерімен 10 мың долларлап табатын жұлдыздар да 42 500 алуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу