Төреғали Төреәлінің күйеубаласы шын мәнінде кім? (фото, дерек)

Oinet.kz 21-08-2020 3365

Төреғали Төреәлінің қарындасын өзінің жары еткен Дархан Нортаев шын мәнінде кім?

image.png

Дархан Нортаев джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық. Ол 1997 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Ол джиу-джитсуға осыдан 9 жыл бұрын келген, яғни 14 жасынан бастаған.

- Мені спортқа үлкен ағам алып келді. Мен Тараз қаласында дүниеге келдім, бірақ кейін астанаға көшіп кеттік. Ата-анам Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Мен Атырау облысынан жарыстарға қатысамын. Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясының студентімін. Бос уақытымда видео түсіргенді, бейнетаспа жасағанды ұнатамын, - дейді спортшы.

image.png

Спортпен 7 жасынан бастап айналысқан:

Дархан Нортаев - Азия ойындарының бір түрі джиу-джистудан алғашқы қазақстандық чемпион. Джакартада Дархан Нортаев алдымен Бахрейн спортшысы Мохамед Абудристі, сосын филиппиндік Карлос Анджело Пенаны және қырғыз азаматы Абдулдабек Кекеновті жеңді. Жартылай финалда және финалда БАӘ балуандары Саид Алмазрауи мен Омар аль-Фадхлиді жеңді.

Джиу-джитсу:

Күрестің бұл түрі алғаш рет Жапонияда пайда болған. Содан кейін күллі әлемге тараған спорт түрі. Джиу-джитсуда (басқа атау - дзю-дзюцу - ред.) жаттықтырушылар шәкірттеріне қарсыластарға тікелей шабуыл жасамауды, қорғаныс арқылы қарсыластың шабуылын өз пайдасына пайдалануды үйретеді.

Дархан Нортаев осыдан екі күн бұрын әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлімен отбасын құрды.

image.png

image.png

Атақты әнші ұлына елде жоқ есім берді
Кеше ғана ұлын үйлендірген Роза Рымбаева шын мәнінде кім? (фото, дерек)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу