Нұрлан Қоянбаев Түркияда әйгілі Неслихан Атагүлмен кездесті (фото, видео)

Oinet.kz 26-08-2020 1442

Отандық танымал кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев Түркияда "Қазақша бизнес" фильмінің кезекті бөлімін түсіруге дайындықты бастап кетті. Бүгінде түсірілім тобымен Стамбул қаласына жетіп алған өнер иесі онда әйгілі түрік актрисасы Неслихан Атагүлмен кездесті, деп хабарлайды Oinet.kz.  Нұрлан Қоянбаев Неслихан Атагүлмен кездескен сәтімен Instagram парақшасында бөліскен. 

image.png

Видеода отандық кинопродюсер мен режисерлардың әйгілі түрік актрисасымен амандасып жатқанын байқауға болады. Киножұлдызды Қоянбаевтың тобымен оның жолдасы белгілі түрік актері Қадір Доғұлы таныстырды. Қоянбаевтың жалпақ жұртқа түрік сериалдары арқылы танымал болған актрисамен кездескені желіде қызу талқыланды. Көпшілік кинопродюсер Неслихан Атагүлді өзінің фильміне түсірмек ойы бар деп топшылауда. Алайда, отандық КВН жұлдызы бұл таныстықтың себебін құпия сақтап қалуды жөн көргенге ұқсайды. Ол Неслихан Атагүлдің "Қазақша бизнес Түркия" фильмінде бой көрсететіні туралы мүлдем жазбаған. Желі қолданушылары өз кезегінде Қоянбаевтың дүйім жұртқа танымал жұлдызбен бекер таныспағанын қоймай жазуда. Кейбірі оның отандық киноға түсетініне кәміл сенімді екенін алға тартуда.

Белгілі әзілкеш әкесі жайлы бар шындықты айтты (видео)
«Осы сәтті 10 жыл күттім»: Танымал тележүргізуші әкесіне су жаңа көлік сыйлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу