Роза Рымбаева өміріндегі ауыр күндер туралы айтып, жылап қалды

Oinet.kz 04-09-2020 1642

Халық әртісі Роза Рымбаева өзін бақытты әйелдердің қатарына қоспайтынын жасырмаqды. Есесіне босанарда бір өлімнен қалғаны болмаса, әрдайым бақытты аналардың санатында екенін айтns, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының «Оңай емес» бағдарламасына сілтеме жасап. 

image.png

«Бақытты әйелмін деп айта алмаймын. Әйел ретінде бақытсызбын. Ал ана ретінде бақыттымын. Бірақ ана болған соң, өмір мүлдем өзгереді деп айтады. Өмірің балаларға арналады. Сол себепті менің бақытым – балаларым, одан кейін қызметім, өнерім. Менің күрсініп, жылайтын уақтым жоқ. Ол эгоизм болып кетеді. Қазір ұрпағың үшін өмір сүруің керек», - дейді Роза Қуанышқызы. 

Әрі қарай ол бүгінде ата-анасына, марқұм жолдасына, айналасындағы туған-туыстарына алғыс айтатынын жеткізді. Сондай-ақ, қайғы мен қуанышта қатар жүрген достарының атын атауды да ұмытпады. 

«Әлиді дүниеге әкелген кезде бір өлімнен қалдым. Дәрігеріміз «Сізге демалу керек. Себебі мынандай қатерлі дүниеден аман қалдыңыз» деді. Содан екінші балам дүниеге келгеннен кейін де үлкен операциядан өттім. Сонымен Құдай берген екі баланың анасы болдым», - деді халық әртісі. 

Тұңғышбай Жаманқұлов Мақпал Жүнісова екеуінің айлығын айтып, жұртты таң қалдырды
Тоқтар Серіков өзін жылағаны үшін айыптаған азаматқа жауап берді (жауап)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу