Тоқтар Серіков өзін жылағаны үшін айыптаған азаматқа жауап берді (жауап)

Oinet.kz 07-09-2020 3053

Жанар Айжанованың жобасында жақын досы Мейрамбек Бесбаевпен бірге сұхбат берген Тоқтар Серіков өзіне жылағаны үшін айып таққан азаматқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz порталы. 

image.png

Әнші Тоқтар Серіков WhatsApp желісінде тараған өзіне қатысты жазбаға жауап берді. Жазбада тыңдармандардың бірі оның аста-төк бай екенін сөз етіп, әншінің жылауы орынсыз екендігін алға тартқан. 

- "Біреу көсіліп әңгіме айтыпты. "Не анау, Тоқтар Серіков жылап отыр?" деп. Мен өткенде Жылқышыбай деген жігітке сұхбат бергенде шынымен де көзімнен еріксіз жас шығып кетті. Елді ойласам көзімнен жас шығады. Ел туралы айтқанмын, елдің қазір жағдайы жетісіп тұрған жоқтығын айтқанмын. Мен өзімді кедеймін деп айтып, жылаған жоқпын", - деп есіне алды әнші. 

Тоқтар Серіковтің жылағаны желі қолданушыларының біріне жақпай қалған екен. 

- "Соны біреу жазыпты, кім екенін білмеймін, Алла ол кісіге разы болсын негізі: "Тоқтар не үшін жылап отыр, жетісіп? Оның Ақтоғай деген жерде үш жүз камазы бар. Анау Қарағайда, Қарағандыда 400-500 камазы бар. Оның 5000 асыл тұқым жылқысы бар. Ол неге жылап отыр?" деп жазған екен. Мен таң қаламын оның әңгімесіне. Ол біреу болмаса біреуге естісе, түрпідей тиеді ғой. Біреудің жағдайы жоқ, жетісіп жүрген жоқ дегендей. Ал бізде әншілер жөнінде халықтың арасында туып жатқан дау-дамай осындай азаматтардың әңгімесінің кесірінен болуда. Осылардың кесірінен біз туралы үлкен пікір пайда болады", - деп ренішін айтты Тоқтар. 

Әнші өзін жөнсіз айыптаған азаматтың сөзіне таң қалып, риза болған. 

- "Уатсапқа тараған адамның сөзіне таң қалдым. "Ой бұлар бай, семірген. Жегені алдында, жемегені артында. Мен өзім жеке оны білемін, 5000 асыл тұқым жылқысы бар. Бір айғырының өзі 7-8 млн теңгеден тұрады оның" дейді. Құдайға тәубә, сіздің айтқаныңыз келсін, деп риза болдым", - дейді Тоқтар Серіков. 


Роза Рымбаева өміріндегі ауыр күндер туралы айтып, жылап қалды
Қарақат пен Қыдырәлі алтыншы қыздарына «иранша» ат қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу