Уәлибек Әбдірайымов биліктегілерге өкпесін айтты (видео)

Oinet.kz 21-09-2020

"Шаншар" әзіл-оспақ театрының директоры, белгілі актер Уәлибек Әбдірайымов биліктегілерге өкпесін айтты. Барлығын алдын ала болжап отырғандар нақты деректер келтірсін дейді. Бұл оның коронавирустық пандемияға қатысты айтқаны.

image.png

Бұл туралы Уәлибек мырза әлеуметтік желіде Нартай Аралбайұлымен тікелей эфирге шыққан сәтте айтты.

Уәлибек Әбдірайымов коронавирустық пандемияға қатысты ойын айтты. Бәрі шенеуніктердің болжамы бойына орындалып жатыр дейді актер. 

- "Менің бір таңғалатыным - бәрі солардың айтқаны бойынша орындалып жатыр. Қай уақытта болады, қанша адам ауырады, қанша адам жазылад, қаншаы қайтыс болады, бәрін айтып жатыр. Ақыры айтты екен, неге аты-жөндерімен айтпайды екен? Кімнің ауыратынын, өлетінін, аты-жөнін айтса, дайындала беретін едік. Тізімде болсақ, айналадағыларымызбен қоштаса беретін едік", - деп қағытты ол.

Әзілкеш қазіргі министрлердің жұмысына көңілі толмайды. 

- "Бір министр осы іске жауап беру керек қой. Өткелден өтер сәтте қазақ атты ауыстыра ма? Ауыстырмайды. Ал, бізде ауыстырып жатыр. Екі ай сайын министр ауысып жатыр? Одан не өзгеріп жатыр? Нәтиже бар ма?", - деді Әбдірайымов. 

Желідегі жұрт "актердің сөзінің жаны бар" десіп жатыр. Енді бірі "өліммен ойнауға болмайды" деп ескертті. "Алдағыны Алла ғана біледі" деп жазды желідегі жұрт. 

Айгүл Иманбаева маңызды мәлімдеме жасады (видео)
Жақында ұлынан айырылған Ермахан Ибраимовтің отбасында қуанышты жаңалық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×