Жақында ұлынан айырылған Ермахан Ибраимовтің отбасында қуанышты жаңалық

Oinet.kz 22-09-2020 1330

Қазақстандық әуесқой боксшы, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов қызды болды. Бір жыл бұрын азаматынан айырылып қара жамылған спортшының отбасында қуанышты жағдай орын алды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты.

Әйгілі спортшы қызды болды. Бұл туралы желіде әнші Сәкен Майғазиев хабарлады. 

"Ерекем, қызымыздың бауы берік болсын! Былтыр ҚАЗАҚтың батырының басына қара бұлт үйіріліп, екі жарым жастағы ұлынан айырылған еді. Бүгін АЛЛА тағала қыз нәсіп етті. АЛЛА тағалаға шексіз шүкірлер болсын! ЖАРАТҚАН ИЕМІЗ ауыр сынақтардан сақтап, тек жақсылық көруді жазсын", - деп жазды Майғазиев парақшасында. 

Желідегі оқырмандар мен өнердегі әріптестері бауы берік болсын десіп құттықтап жатыр. 

"Сәбидің бауы берік болсын! Жүз жасты нәсіп еткей. Пешенесіне бақытты да, баянды ғұмырды жазсыншы балапанға. Қуанышы жалғасын таба берсін. Тәңірім жақынымен, бауыр еті баласымен сынамасыншы ешбір жанды", "Әумин құдіреті шексіз Алла Тағала баламен сынамасын", "Бауы берік, ғұмыры ұзақ болсын", - деп жазады көпшілік. 

Еске сала кетейік, Ермахан Ибраимовтің екі әйелі бар. Спортшы екінші әйелімен Алматыда тұрады. Бірінші әйелі үлкен ұлымен Америкада тұрып жатыр.

Уәлибек Әбдірайымов биліктегілерге өкпесін айтты (видео)
«Ешкімді құдай баламен сынамасыншы» - Роза Әлқожа
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу