«Ешкімді құдай баламен сынамасыншы» - Роза Әлқожа

Oinet.kz 22-09-2020 1548

Қазақ эстрадасының жұлдызы Роза Әлқожа басынан өткен ауыр сынақ туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі ұлы сырқаттанып қалып, оған ота жасауға тура келгенін жеткізді. Операция бір жарым сағатқа созылған, деп хабарлайды Oinet.kz.   

image.png

Роза Әлқожа ұлының отасы жайлы жазбасын өзінің Instagram парақшасында жариялаған. 

Әнші баласы жан сақтау бөлімінен шықпайынша оған аса қатты алаңдаған . Алайда, эстрада жұлдызы перзенті қандай дертке тап болғанын және отаны оның қай жеріне жасағанын нақыт ашып айтпады. Өнер иесі қлын аман алып қалған дәрігерлерге өз алғысын жаудырды. 

- "Қайырлы түн! Кешеден бері ұйқы жоқ. Кірпік ілінбей күткен ота жаңа кешке бітті. Бір жарым сағатқа созылған отаны күтіп, одан баламыз жан сақтау бөлімінен шыққанша жан шыға жаздады. Ешкімді құдай баламен сынамасыншы! Өмір деп екінші рет ат қойған құлыным, Алла енді өміріңді тек қуанышқа толтырсын! Дәрігерлер, қолдарыңыз дерт көрмесін" , - деп жазды Роза Әлқожа.  

Желі қолданушылары әншінің жазбасынан кейін бірден оның баласына шипа тіледі. Олар жас жігіттің тез арада аяққа тұрып кетуіне ниет білдірді.

- "Алла шипа берсін, балаларымыз ауырмасын" , "Расымен перзенттерімізбен сынамасыншы" , "Тез арада аяққа тік тұрып, қызықтарымен қуанта берсін" , "Үлкен азамат болсын" , - деп жазды олар. 

Жақында ұлынан айырылған Ермахан Ибраимовтің отбасында қуанышты жаңалық
Мәдина Сәдуақасованың күйеуімен ажырасып кеткені рас па? - әнші ашығын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу