Мәдина Сәдуақасованың күйеуімен ажырасып кеткені рас па? - әнші ашығын айтты

Oinet.kz 25-09-2020 2483

Мәдина Сәдуақасова жолдасымен ажырасып кетті ме? Желіде тараған қауесетке әншінің өзі не деп жауап берді?Сұлу бикеш бұдан бөлек жеке жоспарлары мен шығармашылығы жайлы баяндады. Бұл туралы Oinet.kz ақпарат агенттігі  "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

image.png

Мәдина Сәдуақасова  жақында 16 жыл бұрынғы әнін қайта жаңғыртты. Жас әнші Тұрармен бірге жаңа бейнебаян түсіріп, әнге жаңа леп бергендей. 

- "Жұлдызды түнде әнінің сөзін де, оранжировкасын да Тұрардың өзі жазды. Маған қатты ұнады. 16 жастағы жасөспірімдер үшін бұл ән жаңа секілді болып тұр. Олар 16 жыл бұрынғы нұсқасын тыңдаған жоқ қой", - деді әнші. 

- "Мәдина Сәдуақасова қанша жасқа келді. Қартайғысы келмейтін сияқты. Өз жасына лайық емес", "Қартаюға не үшін асығу керек?", "Жаңа әнін не үшін акцентпен орындап жүр. Қазақша тап-таза сөйлейді емес пе?", "Күйеуімен ажырасып кеткені рас па?", - деп жазды олар.

Сәдуақасова ұлы Әнуардың мектепалды даярлық сыныбына барып жүргенін айтты. Ұлы домбыра үйреніп, музыкалық сауатын жетілдіріп жүр. Әнші жолдасы Олжасқа қатысты ешбір ақпарат айтқысы келмейді. 

- "Мен жолдасыма қатысты ешқандай сұраққа жауап бермей-ақ қояйыншы. Пікір білдірмеймін. Көрермендер түсінеді деп ойлаймын", - деді Сәдуақасова. 

«Ешкімді құдай баламен сынамасыншы» - Роза Әлқожа
БҚО-да танымал саксофоншы 26 қаза тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу