Жанар Айжанованың қызы күйеуімен ажырасып кеткені рас па?

Oinet.kz 08-12-2020 6213

Қазақстандық танымал әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекованың жеке өмірі қызу талқыға түсуде. Жақында ғана тұрмысқа шыққан жас дизайнер жолдасымен түскен фото және видеоларын өшіріп тастаған. Сонымен қатар, оның соңғы жазған посты көпшілікті алаңдатып қойды, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Жанар Айжанова Айжұлдыз Адайбекова.png

Қос ғашықтың арақатынасы үшін асқан алаңдаушылық білдірген халықтың үрейі Айжұлдыздың екі ойлы жазбасынан кейін одан бетер өрши түскен. Желі қолданушылары Жанар Айжанованың қызын бірден сұрақтың астына алып, оған Қыран Талапбекке қатысты сауалдарын жаудырған. Адайбекованың Instagram парақшасында жарияланған жазбасында өмір қиындықтарына барынша төзіп, мықты бола білу туралы айтылған. Дизайнер сынық қанаттармен де ұшып үйрену керектігін алға тартқан. Сонымен қатар, ол кешірімді болуға, адамдарды жібере білуге шақырды. 

- Қазіргі таңда, аватардың білімі туралы көп зерттеп ұғынып жатырмын. Сол себепті, ойлау қабілетім де өзгеріп жатыр. Чакралар тілін түсінудемін. Өзімді түсіне бастадым. Өзімді жақсы көремін. Айналамдағыларды жақсы көремін. Өз бойымда жетіспеген қасиеттерді дамытып жатырмын. Бұған дейін басымда көптеген жауапсыз сұрақтар мен реніштер болды. Мен олардың себеп-салдарын түсіне алмай келдім. Алайда, өзімді толығымен қабылдағаннан кейін ғана мен жаңадан туылғандай болдым. Бәлкім, оған кешірімнен кейін келген болармын. Оңай болған жоқ. Себебі, көптеген пікірлер мен жайттар болды. Алайда, осының бәрінен өтіп, мен өзімнің энергиямның мықтылығына көзім жетті. Кешіріп, жаңа қанаттарға ие болу. Бұл сенің қолыңнан келер ең мықты нәрсе екені анық. Мен өмірімдегі әр адамға, тағдырыма, маған жаңа эмоция сыйлайтын жандарға айтар алғысым шексіз. Саған берер кеңесім: егер расымен мықты болғың келсе, сынық қанаттармен қайтадан ұшуды үйрен. Кешірімді бол. Жақсы көр. Жібере біл, - деп жазды ол. 

Бұл жазбадан кейін желідегілер Айжұлдыз Адайбековадан оның жолдасы қайда екенін сұрауға кірісті. Кейбір оқырмандар жас жұбайлардың айырылысып кеткені жайлы болжамдарын да жасап үлгерді. Алайда, ерлі-зайыптылар бұл ақпаратты нақты ресми түрде растап, қандай да бір пікір білдірген жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Aizhuldyz Adaibekova (@aizhuldyz_adaibekova)

Тоқтар Серіковтың отбасылық суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Жахан Отарғалиевтың анасы ұлының тойында көзіне еріксіз жас алды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу