«Мейрамбек үшін дұға тілеп қойыңыздаршы» - Сәкен Майғазиев

Oinet.kz 18-01-2021 4449

Отандық танымал әнші Сәкен Майғазиев коронавирус жұқтырып ауруханаға түскен Мейрамбек Беспаевтың жағдайы туралы хабарлады. Сондай-ақ, көпшіліктен досы үшін халықтан дұға тілеуді өтінді. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды.

Мейрамбек пен Сәкен.jpg

- "Қайбір жылы Мейрамбек ауырғанда жалғыз ұлымның тілеуін тілемесем де, Мейрамбектік тілеуін тіледім", деп еді бір анамыз. Қазақтың бағына туған баласы Мейрамбек бірнеше күн бұрын короновирустың жеңіл түрімен ауырып бастап еді, кеше кешкісін қысымы қатты көтеріліп, жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Аллаға шүкір, бүгін жеке палатаға шықты. Жағдайы қалыпты. Мұсылманның қаруы - дұға. Әбіләшімұлы Мейрамбек үшін дұға тілеп қойыңыздаршы. ҚАЗАҚтың Мейрамбегі, әулетінің тірегі, "МузАРТтың" жүрегі жүзге жетсін, - деп жазды Сәкен Майғазиев парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы (@saken_maigaziyev)

«Масқара! Қорқынышты!» - Қыдырәлі мен Қарақат жаңа заң жобасына қарсылық білдіруде (видео)
Мейрамбек Беспаевтың анасымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндіруде (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу