«Шыңғырып қолымда өмірден озды» - Рамазан Стамғазиев (видео)

Oinet.kz 21-01-2021 2421

Коронавирустың өршіген тұсында туған бауырынан айырылған Рамазан Стамғазиев сол уақыттта орын алған өкініштерін жеткізді. Бұл туралы ол Аман Тасығанның "Ең алғашқы" бағдарламасында айтты.

Рамазан.jpg

- Түнімен ұйықтамай дәрі іздеген күндеріміз болды. Дәрі жоқ. Жатқызатын орын жоқ. Кислород жоқ. Дәрігер жоқ. Дәрігердің өзі ауырып жатыр. Шыңғырып қолыңның алдында өмірден озуды ойлашы. Көз алдыңда. Түнгі 3-те скорый алып кетіп бара жатты дейді. Оған дейін біраз алысқан көрінеді. Дәрілер ішіп, жазылып кетем бе деген үміт болған болу керек. Елдің бәрі сорпа су ішіп, қойдың құйрық майын жеп кетті ғой. Сол күні мен жол жүріп келгенмін. Маған хабарласты. Мен жолдастарымның бәріне шықтым. Жерге, полға жатқызуға орын жоқ. Талғарда хирургиядан бір орын табылды. Әйтеуір кислород бар ғой. Өлместің қамы деп. Диагноз қоятын адам жоқ. Врачтардың өзі ауырып жатыр. Оларға ештеңе арта алмайсың. Шын мәнінде ол жерде қарайтын адам жоқ. Коронавирус, пневмонияның бәрі бір бөлмеде тұтас. Индира деген қарындасым бар. Ол медик. Таныс пульмонологтарға жібереміз. Олар көріп мынадай болады дейді. Сол жердің врачтарымен жолығамыз мынау қалай болады деп?  Сол кезде стандарт қойып тастаған. Солай емдеді ғой бәрін. Бірақ, бұл ауру бұрындары 1 айлап ауырып жатып талықсып жатып өмірден озатын сияқты емес. Көзіңді бақырайтып қойып табан астында кетіп жатты.  Моргтен сүйегін алып жатқан адамдар. Кейбіреулеріне сүйегін бермей қойды мысалы. Сонда ең соңында алып жерлеп, жаназасын үйдің жанынан шығарып, әкемнің, ағамның жатқан жеріне қойдық. Жетілігінде де, қырқында да адам жиылмады. Осының бәрі жан-дүниеңді қозғайды. Енді ойлауға мүмкіншілік жоқ боп қалды ғой. Ешқайда қарай алмайсың. Мына жақ ауырып жатыр адам. Біреуге кінә арта алмайсың. Мына жақтан бауырың кетіп жатыр. Мына жақтан дәрі-дәрмегің жоқ. Бұл енді өмірдегі өкініштердің бірі. Өкінішті жағдайлар көп қой. Айтуға тұрмайтын өкініштер жетіп артылады. Мынау енді қабырғаңды қайыстырып, жарты жағыңды опырылып түскен өкініш бұл - дейді Рамазан Стамғазиев. 

Рамазан Стамғазиев өмірдегі ең үлкен өкінішін айтты (видео)
Айнұр Тұрсынбаева тұңғыш рет анасын көрсетті (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу