Рамазан Стамғазиев өмірдегі ең үлкен өкінішін айтты (видео)

Oinet.kz 21-01-2021 1282

Қазақтың халық әндері мен дәстүрлі әндерін кеңінен насихаттап жүрген әнші Рамазан Стамғазиев өмірдегі үлкен өкінішін жеткізді. Бұл туралы ол Аман Тасығанның "Ең алғашқы" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Рамазан Стамғазиев.jpg

- Сол кездер ғой. Бармақ тістеген кездер. Бұның алдында 2007 жылы әкем кетті ғой ортадан. Әкем өмірден ұзап кетті. Одан ортамыз ойсырап, қабырғамыз қайысып, алдыңғы жол бастаған, ақыл бастар әкеден айырылу ол деген оңай түспеді. Ол кездері қатты морылып түсіп кеттік кәдімгі. Одан кейін бертін келе үлкен ағам өмірден өтті. Қатты ауырды. Одан да өмір мен өлімнің үлкен арпалыс жолдарын көрдім. Арасында жүрдім. Қан түкіріп, түнімен ұйықтамай, жата алмай сондай жағдайлар болды. Осыдан бір жыл бұрын үлкен ағамның баласын, жап жас, 19 жаста. Үйленгеніне 6 ай болған баланы машина қағып өмірден алып кетті. Онда да өзіміздің арғы жағымызды берік ұстағанмен, анамның қайысқанын көрдім. Шешемнің кәдімгі, үлкен ана ғой. Талай дүниені көрген.Әрең тоқтады ол кісі. Сол уақыттарда ойлайтынмын, жүріп кетсе қиын болады-ау деп. Өйткені, баласынан айырылған ананың күйзелісін айтып жеткізу мүмкін емес. Бізге білдірткісі келмей отырады. Бірақ, шайқалады әрі қарай. Биылғы Ерланның кетуі соққы болды. Енді Аллаға қарсы сөз айта алмаймыз, қарсы шыға алмаймыз ғой. Өлеңін айтып, 50 жылдығына дайындалып, кәдімгідей үлкен дайындық жасап жатқанбыз. Мен енді репертуар алып, басқа жерлерден жинастырдым. Рамазан осылай істейміз бе деп, Алматыдағы үлкен концерт залына есеп береміз деп дайындалған еді ғой.Табан асты бір аптаның ішінде отбасымызда, айрандай ұйып отырған семьямыздың ортасынан 12 мүшесі аман, сайрап отырған, тірегіміз болып отырған бауырдан айрылдық та қалдық. Қарайлай бердім анама. Анам да есін енді енді жиғандай қазір. Бірақ, сол ұшқын күйзеліске апарды - деді әнші. 

Айгүл Иманбаеваның әкесі актерді құлдықта ұстағаны рас па? (видео)
«Шыңғырып қолымда өмірден озды» - Рамазан Стамғазиев (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу