Көлігі батпаққа белшесінен батқан белгілі әнші билікке шағымданды (видео)

Oinet.kz 12-02-2021 1869

Желіде Алматының Наурызбай ауданында батпаққа батқан тұрғындар мен көліктердің фото, видеосы пайда болды. Видеолардың бірінде отандық эстрада жұлдызы Әділ Сламхан бой көрсетеді. Оның Lexus маркалы көлігі де батпаққа батып қалған. 

Әділ Сламхан мен көлік.jpg

- Аяғымды көтере алмай қалдым. Масқара, көлігіміз тұр. Трактор әкеліп, тартайын деп жатырмыз. Сұмдық қой мынау. Істегендерін қараңыздар. 21-ғасыр. Эстрада жұлдызы Әділ Сламхан есігінің алдында батып тұр. Бұл - менің есігімнің алды. Әлемдегі 30 дамыған елге кірдік дейміз, қалай кірдік, білмейміз. Аяғымыздың бәрі балшық, батып жатыр. Жүру мүмкін емес. 31 желтоқсанға дейін, қыста жол жасаған. Таң қаламын, қыста қалай жол жасайды?, - дейді ол. Ғаламторда Наурызбай ауданындағы жол мәселесі жайлы тағы бірнеше видео тарады. Zakon.kz бұған қатысты қалалық әкімдіктен пікір білдіруін сұраған. 

- Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Т. Қожағапановтың төрағалық етуімен аудан әкімі, энергетика, автомобиль жолдары, Алматы Су басқармасының басшылары және "Монолит Дизайн" ЖШС, "АГС-Пласт" ЖШС мердігерлік ұйымының қатысуымен Тастыбұлақ және Ақжар шағынаудандарында жүргізілген жұмыстардан кейін туындаған жол проблемасына қатысты кеңес өтті. Бірлескен күш-жігермен көшелерге себу жұмыстарын жүргізу, лайды кетіру және жол бетін тегістеуді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылданатыны шешілді. Арнайы техника мен жол жұмысшыларының саны көбейтіледі. Құрметті аудан тұрғындары, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, қазіргі жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз! Басты міндет - су тапшылығы проблемаларын шешу және оның сапасын жақсарту, - деп хабардар еткен әкімдіктен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от @kris_p_kz +21 |

Димаш Құдайбергеннің атынан алаяқтар халықты алдап жатыр
«Ең бастысы ұлыма ұнағаны дұрыс» Жазира Байрбек (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу