Димаш Құдайбергеннің атынан алаяқтар халықты алдап жатыр

Oinet.kz 12-02-2021 1457

Алаяқтар Димаш Құдайбергеннің атынан қазақстандықтарды алдап жүр. Белгісіз біреулер Facebook-те Димаш Құдайбергеннің атынан парақша ашып, 10 мың доллардың ұтыс ойыны болатынын айтқан. Бұл ақпараттың жалған екендігін әншінің әкесі Қанат Айтбаев Facebook парақшасында хабарлады.

 Димаш.jpg

- Димаштың атынан күнде бір алаяқ эфир жүргізуде! Сенбеңіздер! Димаш ешқандай ұтыс ойындарын ойнатқан емес, ойнатпайды да! Алданып қалмаңыздар! - деді Айтбаев. 

Бәрі шынайы көрінуі үшін алаяқтар әншінің бұрынғы видеоларын тікелей эфир арқылы қосқан. 

- Мен бүгін баршаңызға бата беремін. Пікір жазған алғашқы мың адам 10 мың доллар алады. Мұның шын екеніне сенсеңіз. Бұл сыйлық бұрын-соңды біздің сыйлықты жеңіп алмаған адамдарға арналған, - делінген жазбада. 

Димаш Құдайбергеннің кей оқырмандары сеніп, мыңдаған пікір қалдырған. Жазбаның астына үш мыңнан аса адам пікір қалдырған.  

Айта кетейік, пікірлердің арасында ұйымдастырушылар қатысушыларды фишингтік сайтқа кіруге шақыратын хабарламаны бекітіп қойған.

«Күйзеліске түстім» - Гаухар Әлімбекова
Көлігі батпаққа белшесінен батқан белгілі әнші билікке шағымданды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу