«Күйзеліске түстім» - Гаухар Әлімбекова

Oinet.kz 12-02-2021 952

Отандық танымал әнші Гаухар Әлімбекова басынан өткен ауыр жағдайлар салдарынан ұзақ уақытқа дейін күйзелістен шыға алмай жүргендігін жеткізді. Әнші сот мәселесінен кейін туған бауыры қайтыс болып, өнерден де біраз уақыт үзіліс алуға шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

гаухар.jpg

Осы уақытқа дейін басыма түрлі жағдайлар түсіп, біраз күйзеліске түсіп үйде отырып қалдым. Одан енді шыға берген кезде өмірімде де, өнерде де өзінің ағалық жолын көрсетіп жүрген туған бауырым Асылхан қайтыс болды. Өзі алты ағам бар еді. Ең үлкенінен айырылып қалдық.Ол кісінің өнерден хабары бар болатын. Кез келген жаңа туындым шықса, соған бірінші тыңдатқызатынмын. Асылхан өнерді жақсы түсінетін, артық-кем жерін айтатын еді. Ағам өмірден өткен соң, одан бетер тұңғиыққа түсіп кеттім. Сондай ауыр кезең болды. Өнердегі бір оң қанатым сынғандай болды. Содан өзімнің есімді жинай алмай қалдым. Мен бүгінде енді ғана өз-өзіме келіп жатқан жайым бар, - деді Гаухар Әлімбекова  «Алматы» арнасында берген сұхбатында.


«Әттеген-ай деп қалатын кезім көп» - Қарақат Әбілдина
Димаш Құдайбергеннің атынан алаяқтар халықты алдап жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу