«Сүрінген қыз» - Гүлзира Айдарбекова өміріндегі маңызды жәйт туралы айтты (видео)

Oinet.kz 23-02-2021 3202

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова жолдасы Нұртас Айдарбековпен алғашқы таныстығы туралы айтып берді. Бұл туралы Instagram парақшасында жазды. 

гҮЛЗИРА МЕН НҰРТАС.jpg

- Нүрекең мені ең алғаш көргенде жасым 18- де, екеуіміз де Түркістан қаласында, ең үлкен ағамыздың қолында тұратынбыз. Біздің үйіміз 2- ші қабатта, балконнан қарағанда терезесі қарама-қарсы үйдің 1- ші қабатында Нүрекеңнің үйі. Құдай қосам десе Алла шебер ғой. Соңғы автобусқа ауылға үлгерсем деп, жұмыстан келе жатып, жолдан нан алып, асығып келе жатсам, екі үйдің ортасындағы беседкада Азат деген досымен Нүрекең отыр, Морская пехотада болып, әскерден келген кезі, үстінде тельняжка майка. Асығамын деп сүрініп, қолымдағы пакетім түсіп, наным ұшып кетті. Сол кезде: қарындас құлап қалмаңыз деген дауыс шықты. Жалт қарадым да, жақтырмай пакетіме қарамастан нанымды ала сала ары қарай жүгіріп кеттім. Жыртың етіп қарамағаным ұнады ма, Нүрекең ғашық болып, сол күннен бастап аңдығаны мен болып, әйтеуір танысып көңілі жай тапты. Сол 18 жастағы менің бейнем, көз алдында тұрғандай сезіммен ән арнапты. Бағасын беріңіздер - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Қайрат Нұртастың ата-анасының бұл кездесуі өмірлік серікке ұласқанына құанған көпшілік оларға бақыт тілеп, ақ тілектерін жаудыруда. 

- "Күшті бізде осылай келін алып немере сүйген жаста бір бірімізді сыйлап құрметтеп жүрейк өте әдемі", "Гүлзира әпше қалайсыз СІЗГЕ қандай ән шығарса да Сіз сол әндерге лайықтысыз. Нұртас ағам да Жар таңдаудан жаңылыспапты. Алла сіздерге баянды бақытты нәсіп етсін. Шексіз таусылмас махаббат тілеймін", "Отбасыңызға амандық тілеймін. Керемет", "Ғұмырлы, бақытты болыныздар", "Махаббатарыңыз мәңгілік болсын,сіздердің махб- тарыңызды,жолдарыңызды Аллам бізге де берсінші", "Қайраттың қылықтары әкесінен аумай қалған. Генетика", "Керемет аман болыңыздар, махаббаттарыңыз мәңгілік болсын" - деп жазды желі қолданушылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Айгүл Иманбаеваның жігіті шетелдік азамат екені рас па? (фото, видео)
Тоқтар Серіковтың анасымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу