«Жемқор» - деп айыптағандар заң алдында жауап береді» - Сәкен Майғазиев

Oinet.kz 29-03-2021 1186

«МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев өзін «жемқор» деп айыптағандарға заң алдында жауап беретінін ескертті. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Сәкен Майғазиев.jpg

- "Бір адам бір мұсылман жайында ол жасамағанды жасады деп жала жапса, жалаға ұшыраған адам оны кешіргенге дейін АЛЛАһ Тағала оны тозаққа тастайды" Хадис.

- "Бюджет бекіткен қаржы әлі бөлінген жоқ, қолымызға бір тиын да тиген жоқ", - деп соқырға таяқ ұстатқандай қылып түсіндіріп жатсаң да түсінбейтіндердің көп екені жүрегімді ауыртады. Ғайбаттап, қарғап-сілейтіндерді оқып түнімен ұйықтай алмай шығам. Рухымды көтеріп, сенім білдіріп жатқан жандарға АЛЛА тағала бар жақсылықты нәсіп етсін. "Түлкінің қызылдығы өзіне сор", - дегендей, "жасыл" аймақтағы жалғыз қала болған соң назарға ілінуіміз де заңдылық. Әйтпесе, (мен келгенге дейін де) мәдениетке бөлінетін жылдағы қаржы осы. Сәл сабыр сақтаңыздар. Құзырлы органдар тексеріп, журналистер жіті қадағалап, блогерлер бақылап барлығының ақ-қарасын ажыратып береді. Ал, жария түрде жер жаhанға жар салып, маған жала жауып, "жемқор", "тонады" - деп негізсіз, дәлелсіз айыптағандар заң алдында жауап беруге дайындала берсін. Жала жабылып, жапа шеккен пендесі мен жаратушы арасында перде болмайды (дұғасы қабыл) екен. Қарғыс алмай, алғыс алайық, ардақтыларым.

- "Бойдағы мінді санасам,

Тау тасынан аз емес.

Жүрегімді байқасам,

Инедейін таза емес", - дейді ұлы Абайдың өзі. 

Кейбір адамдар жапқан жаласының, айтқан өсегінің есебінен таудай күнәмнің бір уысы кемісе де АЛЛАға шүкір етем.

Бүгін Бараат түні. Барша дұға-тілектер қабыл болсын. Құшақтадым! - деп жазды желі қолданушылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Қайрат Нұртасты көшеде көріп қалған әже қызықты әрекетке барды (видео)
Жаңа баспана іздеп жүрген Қайрат Нұртастың әйелі елді алаңдатып қойды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу